Page 210 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
209
Осыған байланысты мынадай жағдай есіме түседі.
Ең әуелі суретшілер Бірінші Президент кескінделген, яғни
менің суретім салынған банкноттарды ұсынды. Е. Асанбаев,
Т. Сүлейменов және Ғ. Байназаров үшеуі маған ішкі бетінде
менің суретім бейнеленген 50 теңгелік купюраны алып
келді. Ерік Асанбаев тұрып: «Сіз, Нұрсұлан Әбішұлы, – та-
рихи тұлғасыз, еркін Қазақстанның бірінші президентісіз.
Осыған сүйене отырып, біз теңгенің бетіне сіздің суретіңізді
орналастыруға ұсыныс жасағымыз келеді», – деді. Бірақ
мен: «Мен тарихи тұлғамын ба, жоқ па, оған ұрпақтар қазы
болады», – деп жауап бердім. Суретімнің ақшада басылғаны
қолайсыз болар, себебі Африка елдерінің билеушілерінен
басқа, көзі тірі мемлекет басшыларының ешқайсысының
ақшаға өз суреттерін орналастырғанын көргенім жоқ деп,
әңгіменің барлығын қалжыңға айналдырыпжібердім. Бәріміз
бірге күлісіп, бұл нұсқаны алып тастадық.
Мен күн сайын кешке қарай біздің топжұмыс істепжатқан
қала сыртындағы саяжайға келемін. Ақшаның қалай аталуы
жөнінде бізде үлкен айтыс болды. Оларды «сом», «ақша» не-
месе «теңге» деп атау ұсынылды. Менің өзіме «алтын» атауы
ұнады. Ақыр аяғында, орта ғасырлық тарихтан, Қыпшақ
даласының жерлерінде айналымда болған «тәңгә» деген
құйма ақшадан шығарып «теңгеге» тоқтадық. Шынында да
«деньги», «теңге» сөздерінің түп-төркіндері бір еді.
Бірақ, ақшаның түрі мен атынан басқа да, бізде үлкен про-
блема болды. Ол кезде Қазақстанның өзінің банкнот басатын
фабрикасы болған жоқ, барлығыМәскеуден әкелінетін. Ма-
мандармен ақылдаса келіп, осыбір өзіндік ерекшелігі бар тап-
сырысты еуропалық елдердің біріне орналастыруға шештік.
Таңдау осы салада үлкен тәжірибе жинақтаған «Харрисон
және ұлдары», «ТомасДе ля Ру»деп аталатынағылшын компа-
нияларына түсті. Бізді банкноттардың сапасы, келісімшарттың
қаржы жағы және құпиялылығы қанағаттандырды. Ресей-