Page 209 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
208
Ұ
лттық
валютаны
енгізу
Тәуелсіз мемлекеттің меншікті өз валютасы болуы керек.
Мен ең басынан осыны айқын түсіндім.
1992 жылдың көктемінде мен ұлттық валютаны енгізудің
мүмкіндіктерін қарастыруға тиісті құпия комиссия құрдым.
Комиссия туралы мені қосқанда небәрі жеті адам білді.
Біртұтас рубль аймағын сақтауға талпынысты жалғастыра
отырып, біз өзіміздің валютамызды енгізуге дайындалдық.
Елдің жоғарғы басшылығынан мемлекеттік құпиямен тек
Жоғарғы Кеңестің төрағасы С. Әбділдин, Жоғарғы Кеңестің
қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы С. Тәке-
жанов, Мемлекеттік Ұлттық банктің төрағасы Ғ. Байназаров,
оның орынбасарыМ. Тұрсынов және салынып жатқан Ұлттық
банк кәсіпорындары дирекциясыныңжетекшісі Қожамұратов
таныстырылды.
Осымен қатар тағы да құпия түрде жаңа валютаның ди-
зайныбойыншажұмыстаржасаумақсатындашығармашылық
топ құрылды. Ахуалдың бірегейлігі мен жұмыстың соны-
лығының әсерлі болғаны сондай, қатысушылардың өздері,
үлкен дарын иелері, тарихи кезеңнің жауапкершілігі мен
маңызын толық түсінді. Суретшілер М. Әлин және А. Дүзел-
ханов Тимур Сүлейменовтың жетекшілігімен банкноттар мен
тиындар дизайнының төрт түрлі нұсқасын жасады. Барлық
нұсқалар бірінен-бірі асып түсетіндей өте жоғары кәсібижәне
түбегейлі деңгейде жасалынды.
Ұзақ талқылаулардан кейін біздің халқымыз үшін және
қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына көп еңбектері сіңген,
Қазақстан үшін белгілі және тарихи маңызы бар адамдардың
кескіндері бейнеленген нұсқаға тоқтадық. Тәуелсіздіктің таңы
енді атқан шағында бұл ұлттық мақтаныш сезімін көтеру
үшін қажет болды. Кеңес өкіметінің кезінде тіпті айтуға
тыйым салынған бұл тұлғаларды тәуелсіздік алғанда ғана
марапаттауға мүмкіндік туды.