Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
19
амал болмады. Сірә, ондай өзгерістің жалпымоделі болмауы
да мүмкін. Қалай болғанда да, бізге өз жолымызды іздеу
қажет болды.
Міне, осындай ізденістер үстінде біз талай сапарларда
болып, шын мәнінде әлемдік деңгейдегі үлкен тұлғалармен
кездестік. Біздің мемлекеттің қалыптасуы Маргарет Тэтчер,
Франсуа Миттеран, Гельмут Коль, үлкен Джордж Буш, Ли
КуанЮ, Иоанн Павел II және басқа да көптеген көрнекті дүние
жүзі қайраткерлерінің сергек назар аударуы жағдайында
жүзеге асты. Сондай адамдармен араласу арқылы біздің
әлемдік кең ауқымдағы көзқарастарымыз қалыптасты.
Олармен пікір алысып, қарым-қатынаста болу менің дүние
жүзі қандай даму кезеңінде жүріп жатқанын және Қазақстан
әлемдік картада қандай орын алуы керектігін ұғынуыма
көмектесті. Біз әрдайым ашық әңгімеге дайын болдық
және бұрыннан таныс емес жаңа идеяларға құлақ асып,
өз атымызға айтылған сындарды дұрыс қабылдадық. Егер
де басқа елдердің тәжірибесі біз үшін қызықты болса, оны
батыл қабылдадық және өзімізге енгіздік.
Айталық, мысалы, халықаралық бәсекелестік жағдайына
неғұрлым тез ыңғайланған азиялық «жолбарыстар» үшін
посткеңестік кеңістіктегі экономикалық дағдарыс жылдары
неліктен алтын жылдар болғанын біз ұзақ сараладық.
Біз өзімізге мынадай сұрақ қойдық: Оңтүстік-Шығыс
Азияның кедей елдері 30 жылдың ішінде қайыршылықтан
әупірімдеп қалай шықты және өркендеп дамыған индуст-
риялық мемлекеттердің қатарына қалай жетті? Олардың
алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур еді, сонан кейін
оларғаМалайзия, Индонезиямен Тайланд келіп қосылды. Сол
кезде Байқоңыр айлағынан кеңестік ғарышкерлер ғарышқа
ұшып жатқанда, жоғарыда аталған мемлекеттер өздерінің
жер реформаларын енді ғана аяқтап, ал сауатсыз шаруалары
болашақ мегаполистерді толтыра бастаған еді.