т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
207
кетте жеткілікті түрде сәйкес келетін қаржы институттары
құрылмаған болатын, қаржы құралдары болмады, білікті
мамандар жетіспеді. Тез арада Қаржы министрлігін, Салық
комитетін, Кеден комитетін, Ұлттық банкті құру қажет болды.
Бюджетті өз бетіңмен жоспарлап, талдама жасауды үйрену
қажет еді. Сонымен бірге, ол кездерде бізде рыноктық
қатынастарға ыңғайластырылған өзіміздің заңнамамыз
болған жоқ. Нақ, осындай қиын жағдайда біз аса күрделі
экономикалық мәселелерді шешу үшін түбегейлі қадамдар
жасадық.
Неліктен біз сонша қиналдық және неге бірден өзіміздің
валютамызды енгізбедік? – деген сұрақты қою қисынды-ақ.
Біріншіден, мен мемлекетаралық келісім-шарттарға және сол
кездегі Ресейдің басшыларымен арадағы жеке қатынастарға
сендім. Рубль аймағы кәсіпорындар мен өнім жеткізушілер
арасындағы мыңдаған байланыстарды сақтап қалатын еді
және дағдарысты жылдамырақ еңсеруге тигізетін көмегі де
үлкен еді. Екіншіден, бізде валютаны енгізудің тәжірибесі
болған жоқ, шет елдерде банкноттарды басып шығаруға
тапсырыс беру үшін де ақша болмады. Сол сияқты өзіміздің
банкнот фабрикамыз да болған жоқ. Бұл – менің алдыма
тартылған сабақ еді, еліміздің болашақ басшылары содан
үйренетін болулары керек. Мемлекет басшыларында дос
болмайды, онда тек ел мен халықтың мүддесі ғана болады.
Тәуелсіз мемлекет өз күшіне сүйенуі және барлық ықтимал
қиындықтарға күні бұрын дайын болуы керек. Бірақ та соны-
мен бірге, осындай барлық проблемаларға қарамастан, мен
Ресей Президенті Б.Н. Ельцинмен ізгі қарым-қатынастарды
сақтап қалдым. Біз ол екеуміз екіжақты қатынастардың
«Байқоңыр» ғарыш айлағы, Каспийдің табанын бөлу сияқты
және т.б. көптеген мәселелерді шештік. Мен жоғарыда
айтылған басқа да шенеуніктерге кек сақтамаймын. Олар
өздерінше Ресейге дұрыс деп есептегендерін істеді.