Page 207 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
206
энергетикасы, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қаржы
реформалары. Қазір мемлекеттік басқарудың әртүрлі
деңгейлері бойынша реформа дайындалуда. Осының
бәрі өте қызықты болып көрінеді. Шетел инвестицияла-
рын алу, Ұлттық резерв қорын жасау, Ұлттық банктің ақша
саясатын іске асыруы – тізім өте ұзын және республиканың
әр бағыттағы жеткен жетістіктері әсерлі. Олардың ерекше
әсерлі қалдыратын себебі –Қазақстанмен Ресей – көптеген
өлшемдер бойынша өте ұқсас елдер: ең алдымен экономи-
ка, саясат, адамдар, ортақ тарих, мәдениет, экономикаға,
бизнеске көзқарас – осылардың бәрін салыстырып кел-
генде, Сіздердің тәжірибелеріңіз төтенше пайдалы болып
табылады».
Ресей Федерациясы Президентінің
экономикалық мәселелер жөніндегі
кеңесшісі А. Илларионовтың «Жеті күн»
бағдарламасына берген сұхбатынан, Астана,
31 тамыз 2003 жыл
Бірақ сол бір кезеңде, Ресейдегі саясижәне экономикалық
ахуалдың дамуындағы тұрақсыздығы мен болжамсыздығын
сезіне келгенде жас Қазақстанның алдында екінің бірін
таңдау тұрды: не біртұтас рубль аймағын өзінің ойлағанына
қарай бақылап және өзгерістер жасап отырған көршіге әлі де
үмітпен қарап, ең әуелі Ресейдіңмүддесін қанағаттандыратын
жүйенің кепілдігінде қала беру; немесе рубльдік «қорлық
қоршауынан» құтылу үшін меншікті валютаны қабылдап,
өз болашағымыздың бүкіл жауапкершілігін өз мойнымызға
алуға қарай шешімді қадам жасау.
Таңдау ауыр еді. Шешім де жеңіл емес. Айналымға
енгізілген валютаның тұрақтылығын сақтау – істің бір жағы
болса, ал қаржы жүйесін құруды тақыр жерден бастау
– бұл мүлде басқа жағдай болатын. Ол уақытта мемле-