Page 206 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
205
Бұл шешімдер стратегиялық жағынан Ресейдің өзі үшін
қате және пайдасыз болды деп есептеймін. 1991 жылдан
бастап тәуелсіз Қазақстанның бірінші Премьер-министрі
С. Терещенко болды. Оның бұл қызметте КСРО-ның құла-
уынан кейінгі, Қазақстан үшін аса ауыр дағдарысжылдарында
жұмыс істеуіне тура келді. Оны сол кездегі Ресей реформа-
торлары қатты ашындыратын. Меншікті бөлісу, ең алдымен
Ресеймен арада бөлісу жүріп жатты. Ақша, тауар жетіспеді.
Оның атына сын да жеткілікті түрде айтылды. Бірақ ол қолдан
келгенінің бәрін адал істеді. Ол апта сайын Ресейге ұшып
барады – ылғи келісім жасауға барады, бірақ тауы шағылып
кері қайтады. Теңге де соның кезінде енгізілді. Мен оған
осы күнге дейін ризашылық сезімдемін. Ол кездерде дұрыс
болмағанды бүгін айтудан оңайы жоқ. Бірақ уақыттың өз
шартын ұсынатыны белгілі.
Экономикалық реформаларды іске асырудағыҚазақстан
тәжірибесінің нәтижелі болғандығын Ресей үкіметінің мо-
йындауы үшін дәл он жыл қажет болды. Соңғы бағалаулар
бойынша, Қазақстан жеке секторларда, Ресейдің жетекші
экономистерінің көптеген сары уайымға толы болжаула-
рына қарамастан, айтарлықтай табысты реформаларды
іске асырды. Ресейдің басты экономистерінің арасына ай
салып, бұрынғы Целиноград, қазіргі Астанаға, Қазақстан
шенеуніктерімен тәжірибе алмасуға келетіндері, сол кездегі
Ресей реформаторларының ойларына да кіріп-шықпаған
болар.
« – Қазақстанның экономикалық реформалар жасау
тәжірибелерінің қайсысы, Сіздің пікіріңізше, Ресей үшін
қызықты және пайдалы болуы мүмкін?
– Іс жүзінде барлығы да. Қай жағын алып қарасаңыз
да, барлық тәжірибесі пайдалы: тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық реформасы, банк реформасы, электр