Page 205 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
204
Мемлекеттер өз валюталарын енгізгенше рубль аймағын
сақтай тұру туралы ТМД шеңберінде қол қойылған келісім-
шарттың болуына қарамастан, ең басынан-ақ Ресей
бұрынғы КСРО республикаларын рубль аймағынан итеріп
шығаруға тырысты. Мен мұны сол кездерде барып тұрған
әділетсіздік деп есептедім және әлі де солай деп есептеймін.
Біз Ресейге сенетінбіз және біздің тату көршілік өзара қарым-
қатынастарымызға да сеніммен қарайтынбыз. Қазақстан
үшін бұл қадам төбеден жай түскендей болды, өйткені
тұрғындардың 30%-ға жуығы орыстар еді және Қазақстан
Ресеймен тығыз қарым-қатынаста болды. Одан арғы
дамудың саясатын анықтай келгенде де мен біздің қарым-
қатынастарымыздың нығаюы үшін барлығын жасауға ты-
рыстым.
Аздаған шегініс жасайын. Бүгіндері біздер ТМД, Еура-
зиялық экономикалық кеңістік, ЕурАзэс шеңберінде ортақ
рынок туралы және біздің елдердің тығыз интеграциясы ту-
ралы әңгіме айтамыз. Мұндай интеграцияның соңғы кезеңі
баламалық немесе ортақ валютаны енгізу болып табылады.
Шын мәнінде біздер бір кездері өздеріміз бастаған біртұтас
валюта аймағына қайтып келмекпіз. Мұндай аймақты сол
1991–1992 жылдардың өзінде құруға болушы еді. Ол біздің
Одақ ыдырағаннан кейінгі ортақ дамуымыздың негізі және
бүкіл аймақтың дүниежүзілік деңгейдегі қазіргі экономикалық
интеграциясы мен бәсекеге белсенділігі артуының басы
болуға тиіс еді. Бірақ та бұрынғы «одақтас» елдер өзара келісе
алмады. Ресей өздеріне бізсіз жақсы болады деп ойлады. Ал
егеменді республикалар Ресей экономикалық саясатының
ерекшеліктеріне қатысты сол баяғы себептерімен «үлкен
ағасына» сенуден қалды. ТМДмемлекеттерімен өзара қарым-
қатынастағы Ресейдің бүгінгі қиыншылықтары, олардың бір-
біріне сенбеулері және кінә артулары, менің пікірімше, сол
кездерде қалыптасты.