Page 204 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
203
1993 жылдың маусымына қарай Ресей Үкіметімен рубль
аймағын құру жөнінде жүргізілген келіссөздер біржола
тығырыққа тірелді. Түптеп келгенде, рубль аймағының ескі
концепциясынан бас тартып, жаңа құжат жасауға шешім
алынды. Бірақ осы жерде ешкім де ойламаған, тіпті алдын
ала келісімдердің шеңберіне де сыймайтын бір жағдай
туындады. Рубль аймағына қатысушы елдердің арасында:
егер де бірде-бір мемлекет рубль аймағынан шығып, өзінің
валютасын енгізгісі келсе, ол бұл жөнінде үш ай бұрын басқа
мемлекеттерді ескертуі керек деген арнайы келісімнің бо-
луына қарамастан, Ресей 1993 жылдың 1 шілдесінен бастап
іс жүзінде өзінің ұлттық валютасын енгізді, оның бұдан бұрын
барлық рубль кеңістігінде қолдану мақсатында басылады деп
сендіріп келген жаңа үлгідегі рубльдері осы болып шықты.
29маусымның сенбісінде таңертең Виктор Черномырдин
маған телефон шалып, бұл оқиғаны болып қойған факты
ретінде хабарлағаны әлі есімде. Осымен бірге Ресей екі апта-
лық мерзімнің ішінде, дәл осы кезде Ресейдің валютасына
айналған рубльді пайдалану негізінде, ұжымдық ақшажүйесі-
нің принциптік және техникалық мәселелерін қарастыруға
арналған келіссөздержүргізуге дайын екендіктерінмәлімдеді.
Ол жаңа түрдегі рубль аймағын құруға қатысты, нақты іс-
шаралар туралы келісімге қол қоюға дайын екендігін және
артынан оны мүдделі болған мемлекеттердің парламенттері
ратификациялауға тиіс екенін айтты.
Шын мәнінде олар бізге енді тек Ресейдің ұлттық ва-
лютасына тәуелділік жағдайындағы – қолма-қол рубльдің
көмегімен – айла-шарғының сол бұрынғы тетіктерін қайта
қалпына келтіруді ұсынды. Бұл қадамРесей көшбасшыларына
деген біздің сенімімізді жоққа шығарды, сөйтіп «монетарлық
сатқындықтың» көлеңкесі біздің қарым-қатынасымызда көп-
ке дейін сақталатын болды.