Page 203 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
202
да азды-көпті тепе-тең жағдайда іске асырылса, ал 1993
жылы Ресейдегі экономикалық блокқа жауапты тұлғалар,
Қазақстандағы әлеуметтік-саясижағдайға тікелей немесежа-
нама түрде ықпал жасай отырып, өз міндеттерін басымдылық
жағдайындашешіп, Қазақстанға бөлінетін қолма-қол ақшаны
ұстап қалуды шығарды. Көктемге қарай біз жалпы ақша алу-
ды тоқтаттық. 1993 жылдың мамырында Ресей Үкіметі ТМД
елдеріне техникалық несие беруді бүтіндей тоқтату туралы
шешім қабылдады.
Одан әрі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ара-
сындағы қолма-қол өзара есеп айырысуды бөлумен қабат,
Сібір мен ҚиырШығыста айырбастау және жаңа банкноттар-
ды енгізу операцияларын бастаған Ресейдің Орталық банкі,
1993жылдың үлгісіндегі жаңа банкноттардыбасыпшығаруға
кірісті. Келіссөздердің барысында, Ресей жағы бізді, жаңа
банкноттар – бұл рубль аймағының қолма-қол ақшалары
және валютасы болады, сол жаңа банкноттарды басу кезінде
Қазақстанның мүддесі мен сұранымдары есепке алынды,
Кеңестер Одағының (1961–1962 жылдарда шығарылған)
банкноттары бір сәтте тәркіленіп айырбасталмайды деп
сендірді. Сондай-ақжаңа банкноттардыенгізу есебінен, рубль
аймағына кіретінҚазақстанныңжәнебасқадамемлекеттердің
КСРО банкноттарына деген ағымдағы сұранысы бұрынғыдан
да жақсы қанағаттандырылады, ал рубль аймағын құру ба-
рысында ескі банкноттарды Ресей банкінің банкноттарына
айырбастау іске асырылады деп тағы да сендірді.
Виктор Черномырдиннің 1993жылы қаңтарда Давостағы
экономикалық форумда маған берген уәдесіне қарамастан,
Ресей Қазақстанға қалай болғанда да жаңа банкноттар-
ды бермеді. Ал мұның өзі еңбекақы жөніндегі қарыздың
жағдайын одан сайын ушықтырып жіберді, өйткені ол кезде
Гознак фабрикаларының барлық қуаты Ресейдің жаңа валю-
тасын басып шығаруға жұмылдырылып жатқан.