Page 202 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
201
Дерек көзі: «Очерки экономической политики
посткоммунистической России (1991–1997)»,
1998 ж. (http:// www.iet.ru/ publics/1000/1000. html)
Ақиқатында, Қазақстан белгілі бір уақытқа болса да,
рубль аймағын сақтау жағында болды. Біз сол Гайдардың
әріптестері жазған «КСРО-ның бұрынғы республикаларының
мүддешіл – өнеркәсіпшілерінің» нақ өздері болатынбыз,
өйткені, біздің артымызда «Қарметкомбинат», «Қазтүстімет»,
«Қаркөмір» сияқтыжәне т.б. кәсіпорындардағыкөпмыңдаған
ұжымдардың тұрғанын сезіндік, ал олар бір күннің ішінде
жұмыссыз қалып, тіршілік қаражаттарынсыз қалуы әбден
мүмкін еді.
Ресей Үкіметімен, әсіресе оның 1992 жылы бүтіндей
қалыптасып болған реформаторлық қанатымен (Гайдар,
Шохин, Федоров, Шахрай және т.б.) келіссөздер жүргізу
қиындай түсті. Бұлардың көпшілігі әлі де еркін Ресейдің «ұлы
болашағымыз» депмасайрапжүрген. Көптеген келіссөздерде
олар, Ресей үшін дотациялық Қазақстан түріндегі «масыл-
ды» сілкіп тастау керек, олар ешқайда кетпейді, біраздан
кейін ешқандай да саяси кепілдік, саяси дербестік сұрамай,
өздері-ақ «жалынып-жалбарынып» жетеді деп ашықтан-
ашық түсінетіндей айтып жүрді. Біздің «еңбектеп, қайта
оралуымыз», олардың шарттары негізінде Одақты қайтадан
қалпына келтірудің біржолыретінде қарастырылды. Олардың
барлығын өздері қиратқанын ескеретін болсақ, бұл өте
таңқаларлықтай жағдай еді.
Тіпті Гайдардың Ресей Үкіметі Төрағасы қызметінен
кетуінің де Ресейдің бұл бағытына ешқандай ықпалы бол-
мады. Қазақстанның экономикасына аса ауыр болған 1993
жыл басталды.
Егер де Ресейден келетін қолма-қол қаржыны бөлу
1992 жылы рубль аймағына кірген республикалар арасын-