ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
200
Экономикалық сипаттағы мәселелерден басқа, адам
факторы да үлкен маңызға ие болды. Көптеген қазақстан-
дықтардың (айта кету керек, тек орыс ұлтының ғана емес)
Ресейдежанұялары, туыстары, достарыболды–және, әрине,
бұл адамдар үшін Одақтың құлауы осы байланыстардың
жойылуы деген сөз емес еді. Біз Ресеймен байланысты
үзгіміз келмеді – ал Ресейдегілер мұны түсінгілері келмеді.
Біз көп жағдайда Ресей экономикалық блогының бас-
ты шенеуніктерінің біздің мәселелерімізді және оларды
шешу үшін ұсынған жолдарымызды ұқпаудың меңіреу тас
қабырғасына тап болдық.
«Рубль аймағын жою және Ресейдің ұлттық ақшасы
мен валюта жүйесін орнықтыруға жасалған алғашқы
қадам – Ресей Орталық банкіне енгізу бұрынғы одақтас
республикалардың орталық банктерінің корреспонденттік
есепшоттарын енгізу арқылы қолма-қол ақшасыз ай-
налымын бөлуді – 1992 жылдың шілдесінде ғана іске
асыруға мүмкін болды. Қалғаншаралар ұзақ енгізілді, ТМД
елдерінің Ресеймен сауда жасау үшін техникалық несие
дегендерді беру тәжірибесі тек 1993жылдың сәуірінде ғана
тоқтатылды. Бұл саяси реализмнің көрінісі еді, өйткені іс
жүзінде ақша жүйесін бөлу алғашында қарастырылғаннан
әлдеқайда көп уақытты талап ететін және бұл жұмыс
бірнеше кезеңнің ішінде бірталай қиындықтармен іске
асырылды. Бұл көп жағдайда Ресейдің, бұрынғы КСРО
республикаларының өнеркәсіпшілерінің және Руцкойдан
бастап Явлинскийге дейінгі кең шеңбердегі Ресей саяси
күштерінің мүдделік қолдауларына байланысты болды.
Өкінішке қарай, бастапқы кезеңде рубль аймағының
адвокаттары қатарында Халықаралық валюта қоры мен
Еуропалық қауымдастық комиссиясы сияқты беделді
ұйымдар да болды...»