Page 200 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
199
қағаздар үшін біз үлкен сомалар төлеуге мәжбүр болдық.
Осы кіргізілген жаңалықтан кейін біраз елдер – Белоруссия,
Молдавия және Закавказье республикалары қолма-қол
ақшамен қамтамасыз етудің және артық төлейтін ақшаның
қиындықтарын ескере отырып, өздерінің ұлттық валюталарын
немесе олардың баламаларын енгізді.
Ресейдің экономикалық саясатының сол кезеңдегі тағыбір
«ерекшелігі» – олардың қолма-қол ақшасыз айналымдыбөлу
туралы шешімдері рубль аймағына кіретін мемлекеттермен
келіспей қабылдануында және оның жаңа тәртіпті енгізуге 10
күн қалғанда ғана жариялануында болды. Мүмкін, Ресейдің
қаржы жүйесі бірдеңе ұтқан да болар, бірақ мемлекеттердің
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы өзара
есеп айырысудың схемасы төлемдердің жүруінің жарты
жылға дейін бәсеңдеуіне, құжаттардың жоғалуына және
толып жатқан түрлі жасанды төлем тапсырыстарының тара-
луына алып келді. Біз үшін бұл тиімсіз жұмыс жасап отырған
біртұтас рубль аймағында біздің республиканың қалу-қалмау
мүмкіндіктері туралы бізді бірінші рет қатты ойландырған
алғашқы дабыл болды.
Ресеймен арақатынасымыздағы барлық қиындықтарға
қарамастан, бізге біртұтас рубль кеңістігінен бас тарту қиын
болды. Өйткені рубльмен іске асырылатын төлемдерде, іс
жүзінде, біздің барлық кәсіпорындардың, өңдеуші және
өндіруші өнеркәсібіміздің бүкіл қызметі байланысып жатты.
Кәсіпорындардың арасындағы қалыптасқан байланыстарды
қас-қағым сәттің ішінде үзгіміз келмеді. Сонымен бірге ұлттық
валютаны енгізу үшін уақыт және белгілі дәрежеде қаражат
керек еді. Естеріңізге салайын, ТМД-ны құру барысында
«Беловежье отырысынан» кейін, ТМД-ның барлық басшы-
лары, оның ішінде Ресей де бар, жақсы уақыттар туғанша
барлығымыз да рубль аймағында қаламыз және ештеңе
өзгермейді деп ант-су ішкен болатын.