Page 199 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
198
Ресей экономикалық саясатының болжаусыздығынан
туындаған ахуал, біржағынан, Президент пен РесейҮкіметінің
және, екінші жағынан, Жоғарғы Кеңестің арасындағы
текетірес нәтижесінде пайда болған қос өкімет жағдайында
одан сайын тереңдей түсті.Мәскеу Ресей аймақтарына да, сол
сияқтыодақтық республикаларға да қайшылықты ақпараттар
беріп жатты.
Қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуде үлкен қиын-
дықтарға тап болған біздер, экономиканың жалпы қажет-
тіктерін айтпа­ғанның өзінде, қайта-қайта Мәскеуге барып,
ең болмаса жұрттың еңбекақыларын төлеуге қажет ақшаны
«зорлап» алып келугемәжбүр болдық. Бұндай барып-келістер
1992 жылдың жазы мен күзінің өн бойында жүрді.
Бұрынырақ, біртұтас рубль аймағының сақталуын
қолдай отырып, Қазақстан, посткеңестік кеңістіктегі басқа
да мемлекеттер сияқты, оны аймақта қаржы тұрақтылығын
сақтаудың және әлі де болса қызмет жасап тұрған жекеле-
ген кәсіпорындар арасындағы, сондай-ақ мемлекетаралық
деңгейдегі экономикалық және шаруашылық байланыс
құралдарының бірі деп білген еді. Бірақ 1992 жылы шілдеде
Үкіметтегі және Ресей Орталық банкісіндегі Гайдардың
командасы мәселеге біржақты келе отырып, қолма-қол
ақшасыз айналымды мемлекет субъектілерінің арасын-
да бөліп беруді енгізді. Қолма-қол ақшасыз айналымға
бөлудің мәні мынада болып шықты: рубль аймағына кіретін
мемлекеттердің орталық банктері РесейдіңОрталық банкінде
корреспонденттік есепшоттарын ашады, солар бойынша ай-
налым техникалық несиемен шектеледі. Ал енді техникалық
несиені жаба алмаған жағдайда, өзара есеп айырысулардың
сальдосы сол елдің Ресейге бересі мемлекеттік қарызына ай-
налады. Бұлай жасау әділетсіздік болды. Бұл жерде «күштінің
құқығы» жұмыс істеді, ал қалғандарына осындай кіріптар
талаптарды сөзге келмей қабылдау ғана қалды. Қайдағы бір