Page 19 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
18
Сонда біздің алдымыздан белгісіз болашақтың есігін
ашып, 1991 жыл тұрған-ды. Адамзат тарихындағы ең ірі
империяның бірі КСРО-ның құлауына санаулы апталар ғана
қалған. Жаңа дәуір, ал сонымен бірге біз күтпеген жаңа
өзгерістер келе жатты. Сексенінші және тоқсаныншы жылдар
кезеңінде әлем индустриялық қоғамнан постиндустриялық
қоғамға екпіндеп енді. Ғылыми-техникалық прогресс мем-
лекеттердің экономикалық құрылымын еріксіз өзгертті, ал
мұның өзі олардағы қоғамдық құрылымға ықпалын тигізді.
Жаһандану алдын ала өзгерістерге дайын тұрмаған елдерге
қауіп төндіре келді, оларға тарихтың күресінінде қалатындай
қатер туды.
Жаһандану үрдісінің күшеюі мен коммунистік жүйенің
құлауы бір-бірімен нақты қалай байланысты болғанын сая-
сатшылармен экономистердің пікірталасына қалдырайық. Ал
біз үшін Кеңес Одағының, жалпы оның өте қолапайсыз эко-
номикасымен әскери-өнеркәсіп кешенінің постиндустриялық
қоғамға бейімделе алмағаны факт күйінде қалады. Ол мың
құбылған әлеммен бірге өзгере алмады – онда оған орын
тимеді. КСРОреформажүргізуге талпынды. Бірақ бұл ең алды-
мен саясижүйеге тірелгенөзгерісболды. Экономиканырефор-
малау екінші кезекке қойылды. Нәтижесінде экономикалық
дағдарыс алып мемлекеттің құлауына әкеліп соқты.
Жоспарлы-әкімшілдік экономиканың бұзылуы, сондай-
ақ одақтық өндірістік тізбектер мен экономикалық байла-
ныстардың үзілуі салдарынан Қазақстан басқа да одақтас
республикалар секілді тығырыққа тірелді. Енді жоспарлы-
әкімшілдік экономикадан нарықтық қатынасқа «көшу»
керектігі айқын болды.
Алайда қазіргі заманның экономика ғылымы осы жаңа
тенденцияларға сай келетін нарықтық экономикаға көшу-
дің айқын моделін бере алмады. Бұл секілді «көшуге»
арналған кереметтей бір шешім немесе қалай да бірыңғай