т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
197
позицияны ұстана отырып, бағаны бірсәттік ырықтандырудан
қашуға және оның жағымсыз салдарын болдырмау үшін,
мүмкін болғанынша, мұндай шешімді қабылдауды соза
тұруға тырысты. Өйткені Қазақстанның Ресеймен бүтіндей бір
кешенді экономикалық байланыстары бар еді. Бірақ жағдай
өз талаптарын қойды. Азық-түліктің бірінші қажеттегі, қатаң
шектелген кейбір негізгі бөлігіне ғана тиіскізбей, бағаны
босатуға біз де мәжбүр болдық. Бұлай істемегенде бағаның
сәйкессіздігі кесімді бағасы бар тауарлардың тапшылығының
себебіне айналуы мүмкін еді, бұл өз тарапынан бюджетке
түсетін салмақтың өсуіне алып келетін. Бір жағынан, біз
бағаны сатылап ырықтандырудың ақшаны құнсыздандыру
ықтималдығымен де қауіпті екендігін түсіндік. Мұндай
жағдайда экономиканың тұрақтануын күтпесе де болатын.
Экономикадағы бұлталақтау саясатының мысалы
Ресей-дің Орталық банкі болды. Оның міндеттерінің нақты
бекітілмеуі Орталық банкті Үкіметке және Жоғарғы Кеңеске
екіжақты бағынуға мәжбүрледі. Мұндай жағдайда Ресей
Үкіметінің экономиканы тұрақтандыру жөнінде тиімді саясат
жүргізуге шамасы болмады. Бұл тіпті, бұрынғы КСРО-ның
Мемлекеттік банкінің барлық қызметінің Ресейдің Орталық
банкіне өткеніне қарамастан және тек Ресейдің ғана ақша
эмиссиясын жүргізуіне және оның барлық одақтық респу-
бликаларды ақшамен қамтамасыз етуіне қарамастан осы-
лай болды. Ресей қолма-қол ақшаны республикалардың
қажетіне қарай емес, өз қалауы бойынша бөліп отырды.
Ақшаның шамадан тыс құнсыздануы жағдайындағы қолма-
қол ақшаға деген сұраным бағаның тоқтаусыз өсуіне тепе-
тең жағдайда өсті. Қазақстанның Министрлер Кабинетінің
бюджеттен төленетіндерге индексацияны кешеуілдетуіне
қарамастан, қолма-қол ақшаның болмағандығынан қарыз
жаңа жауған қардай өсе берді. Бұл тіпті кесімді еңбекақылар
мен зейнетақыларды да қамтыды.