ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
196
рализм реформасын іске асыруда, оның ішінде өзінше
бір «неолиберализмнің шеберханасы» болған Чикаго
университетінде оқып қайтқан Гайдар сияқты «Чикаго ба-
лалары» деп аталатындар көшбасшылар болды. Сонымен
бірге олар бүтіндей рыноктық тетіктердің табиғатындағы
тұрақтылықтыжәнеөзін-өзі реттеуге қабілеттілікті уағыздаған
Фридрих фон Хайек пен Милтон Фридменнің неолиберал-
дық доктриналарының позициясында тұрды.
1990жылы12маусымда, КСРО-ның құлауынан біржыл-
дан астам бұрын, Ресей өзінің егемендігін жариялады. Сонда
кімнен? КСРО мен Одақтық республикалардан. Басқа кімнен
болушы еді? Бұл үлкен елдің ыдырауының басталуының
алғашқы кезеңі болды. 1992жылымаусымда Ресейдің Бірін-
ші Президенті Борис Ельцин өзінің экономика саласындағы
кеңесшісі Егор Гайдарды Ресей Федерациясы Үкіметінің
Төрағасы міндетін атқарушы етіп тағайындады. Сөйтіп,
Ресейдің саяси және экономикалық дербестігіне түпкілікті
қадам жасалды. Келесі қадам Гайдардың Премьер-министр
қызметіне бекітілуі болатын, ол үшін ол Жоғарғы Кеңес
депутаттарының қолдауын алуы тиіс еді. Бірақ та Ресейде ке-
реметтей апаттыжағдай қалыптасқандықтан, Жоғарғы Кеңес
Гайдардың кандидатурасын бекітпеді. 1992 жылдың соңына
қарай бұл қызметке Виктор Черномырдин тағайындалды.
Жаңа Премьер тағайындала сала Алматыға келді. Біздің
арамызда болған әңгіме достықжағдайында өтіп, екі сағаттан
астам уақытқа созылды. Ол менімен көп ақылдасты. Бұл әңгі
ме, шындықты айтсам, рубль аймағын сақтап қалу жөнінде
маған кейбір сенім берген еді. Бірақ та, өкінішке қарай, менің
күткендерім ақталмады.
Бұл кезде экономикалық жағдай қиындай түскен.
1992 жылы 1 қаңтарда Ресей басшылары енгізген бағаны
ырықтандыру өзінің «алғашқыжемістерін» бере бастаған еді.
Қазақстан, өз тарапынан, бұған қарағанда әлдеқайда икемді