Page 196 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
195
рының бірі болып табылатын, «рецептер пакетін» қабылдауы
тиіс болды; олардың құрамына жекешелендіру, құрылым-
дық өзгерістер, оңтайландыру, мемлекеттің экономикалық
реттеуден барынша алыс кетуі кіретін болды.
Әділет үшін осы ұсыныстардың нақтыбір елге байланысты
тиімділігінің әртүрлі болғандығын айтуымыз керек. Мыса-
лы, Африка мен Латын Америкасының елдері мемлекеттік
реттеуден бас тартып, экономикалық еркіндікке жол бере
отырып, өз өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық дамудың
қалыпты деңгейін қамтамасыз ете алмады. Оның есесіне,
Еуропаның, Солтүстік Американың және Таяу Шығыстың
елдеріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекеті-
не мемлекеттің белсенді түрде араласуы, жылдам экономи-
калық өсудің негізінде бұл елдердің өз азаматтарынажеткілікті
түрдегі қалыпты өмірді қамтамасыз етуіне мүмкіндік берді.
1990-шы жылдардың басында КСРО-ның құлауымен
байланысты қалыптасқан идеологиялық вакуумды неолибе-
рализм толықтырды. Осы кезеңде экономикалық дағдарыс
жағдайында болған бұрынғы социалистік мемлекеттер либе-
рализм идеясын барлық проблемаларға қарсы қоюға бола-
тын панацея деп қабылдады. Вашингтон консенсусыныңшын
мәнінде іске асуының нәтижесі көп жағдайда халықаралық
бастықаржыұйымдарынан–Халықаралықвалюталыққордан,
Дүниежүзілік банкіден, АҚШхалықаралық даму агенттігінен,
шын мәнінде АҚШ бақылау жасайтын Америкааралық даму
банкінен алған қолдауына байланысты болды. Осыған және
т.б. себептерге (Халықаралық валюта қорының қарыздарына
тәуелділік, тәжірибесіздік, арнайы білімнің аздығыжәне т.б.)
байланысты бұл елдер Вашингтон консенсусының рецептерін
әртүрлі дәрежеде қабылдады.
Бірқатар елдердің саясаткерлерінің, әсіресе Ресейдің
осы идеологияны қабылдауы нәтижесінде реформалар
интенсивті сипат алды. Посткеңестік кеңістікте неолибе-