ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
194
Нарықтық қатынастарды кезең-кезеңіменжекешелендіру
жәнемонополиядан айыру арқылыбіртіндеп қалыптастыруды
және содан кейін барып қана экономиканы ырықтандыруды
ұсынған Явлинскийге қарағанда, Гайдардың бағдарламасы
«Ресейлік емес ақша ұсынымдарын кесіп тастайтын, Ресейдің
ұлттық валютасының енгізілуі негізгі элементі болып табыла-
тын макроэкономикалық тұрақтандырудың қуатты тетіктерін
бір мезгілде іске қосу арқылы кең ауқымдағы бағаны ырық-
тандырудың» іске асырылуын қарастырды.
Гайдар мен оның тобының жариялаған көзқарастары
сол кездегі көпшілікке мәлім болған «неолиберализм-
ге» жататын. Аздаған шегініс жасайын. Неолиберализм
жаһандық үстемдікке ұмтылған, жетекші идеология ретінде
«оңшылдардың қайтып келуі» деп аталатын кезеңнен –
Ұлыбританияда Маргарет Тэтчердің және АҚШ-та Рональд
Рейганның билікке келуінен бастап көпшілікке әйгілене
бастады. Ол кездерде Батыстың өнеркәсібі дамыған елдері
экономикалық төменгі өсумен және жоғарғы деңгейдегі ин-
фляциямен байланысты дағдарыста болатын. Экономикалық
ортада проблемалар мемлекеттердің тиімсіздігінен және
«жалпыға бірдей игілік мемлекеті» концепциясынан бас тарту
қажеттігінен көрінді. Осыған байланысты оңшылдар «мемле-
кет азырақ, рынок көбірек болсын» деген қағиданы енгізуді
ұсынды. Басқаша айтқанда, рынок мемлекеттің араласуынсыз
барлығын өзі реттейтін жүйе ретінде түсіндірілді. Ең бастысы,
рыноктың өзіндік реттеу үдерісіне кедергі келтірмеу керек,
сонда бәрі өзі қалпына келеді деп есептелді.
Кейбір реформаларды батыста пайдаланып көргеннен
кейін, неолиберализмнің идеялары халықаралық қаржы ин-
ституттарыжәне халықаралық қаржы көмегі арқылы Африка
мен Латын Америкасындағы дамушы елдерге таратылды. Бұл
елдер, берілетін қарыздармен бірге, оларды алудың шартта-