Page 194 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
193
Тарихи дамудың осы кезеңінде саяси-экономикалық
қисындаманың өзі Ресейді бұрынғы КСРО территория-
сындағы шаруашылықты реформалаудың көшбасшысы
жасады. Ресей бұрынғы КСРО-ның экспорттық әлеуетінің
басым бөлігіне ие, демек, сыртқы қарыздарға байланысты
міндеткерліктерге жауапкершілікті тек ол ғана өзіне ала
алады, ал мұның өзі оған алтын валюталық авуарларды,
шет елдердегі меншікті иеленуге және шет мемлекеттердің
Кеңестер Одағына қарызын өзіне алуға мүмкіндік береді.
Ресей батыстағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымда-
рының табиғи әріптесіне айналды.
Ресей–асакең ішкі рыноктың, дамығанелдергеоп-оңай
бағдарлауға болатын экспорттықбазалық қорлар әлеуетінің
иесі. Бұл оған көп жағдайда осындай мүмкіндіктері жоқ
басқа республикалардың экономикалық саясатын әкеліп
байланыстырады. СоныменбіргеРесейкөлік, коммуникация
және энергетика жүйелерін басқарудыңматериалдықжәне
кадрлық базасына ие бола отырып, республикалараралық
өндірістік инфрақұрылымның негізгі компоненттеріне де
бақылау жасайды.
Гайдардың Экономикалық саясат институтының
бағдар­ламасы әу бастан әскерді, Ішкі істер министрлігін
және т.б. маңызды одақтық құрылымдарды тікелей
қаржыландыру арқылы Ресейден қайта бөлінетін ресурс-
тарды азайтуды көздеді, рубльдің конверттелуіне өтер
кезде, оған Ресейдің ұлттық валютасы ретінде қолдау
көрсету талабы алға қойылды және ақша айналымына
ресейлік бақылауды орнату ойластырылды».
Дерек көзі: «Очерки экономической политики
посткоммунистической России (1991–1997)»,
1998 ж. (http:// www.iet.ru/ publics/1000/1000. html)