ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
192
йында оның тобы ҚазКСР Министрлер Кабинетімен жемісті
еңбек етті. Бұлар өз ісінің нағыз білгірлері еді. Олар бізгежалпы
аласапыранда өз іс-қимылымыздыреттеп алуға көмектескенін
айтуым қажет.
Егор Гайдардың Экономикалық саясат институтының
бағдарламасы әуелден-ақ Ресейдің басқа республикалардан
саяси және экономикалық тәуелсіздігін көздеді. Гайдардың
тобы менмендікпен өз аргументтерін: Ресей шаруашылықты
реформаландыруда бұрынғы КСРО территориясында «көш-
басшы» бола отырып, «кейіннен ешбір республика оған
қосылмай қоймайтындай» дербес, жылдамжәне толыққанды
реформаларды іске асыру керек дегенге негіздеді.
Олар Ресейдің экономикалық дамуының мүдделерін
анықтағанда, оны Одақты сақтап қалудан жоғары қойды.
Олардың мұндай саясатты Б. Ельциннің қолдауынсыз жүргізе
алмайтыныанықеді. Еңбасынан-ақРесейдіңөзініңдербесақша
саясаты, меншікті ұлттық валютасы, өзіндік баға, салық және
бюджет саясатыболуықарастырылды. Олардың пікірінше, сол
кездегі одақтық қатынастардың қолданыстағыжәне жаңадан
ұсынылып отырған принциптері мен тетіктерінде болашақжоқ
депесептелді. Дербес реформаларбірқатарреспубликааралық
мәселелер мен республикалардың мүдделерін келістірудің
күрделі процесін елемеуге мүмкіндік берді. Қазақстанның
Одақты конфедеративтік негізде сақтауға тырысуы «өзінің
экономикасын Ресей есебінен қалпына келтіру» деп бағаланды.
«Қарапайым тілмен айтқанда, одақтық саяси құқықтық
мұраны жекешелендіру барысында, Ресейлік қаржы-
экономикалық қорларды қоғамдастыратын «дереу саяси
тәуелсіздік беру жағдайындағы экономикалық одақ»
сұлбасы, шын мәнінде, басқа республикалардың мүдде-
леріне сәйкес келді. «Өтпелі кезеңде саяси одақты сақтай
отырып, экономикалық тәуелсіздіккежылдамжету» сұлбасы
Ресейдің мүдделеріне сәйкес келді.