Page 192 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
191
кездестіруге болатын. Соныменбірге, солбір кезеңде көптеген
стратегиялар мен бағдарламалардың ішінен, Мәскеудің
ғылыми маңғаздарын әлі күнге даурықтырып келе жатқан
бәсекелес екі бағдарлама анық суырылып шықты. Олар:
Григорий Явлинскийдің «500 күн бағдарламасы» және Егор
Гайдардың кейіннен «Бағдарлама-91» деп аталған «Өтпелі
кезеңдегі Ресейдің стратегиясы» еді.
«500күнбағдарламасы»қазірбұрынғығаайналғанКСРО-да
бірінші рет адамның жеке меншікке құқықтылығының прин-
циптерін енгізді. Бағдарлама еркін экономикалық қызметке,
табыстың өсуіне және әлеуметтік кепілдіктерге құқықтылықты
мойындады. Кәсіпкер экономиканың негізі болып жариялан-
ды. Республикалардың экономикалық егемендігінің құқығы
мойындалды. «Біртұтас экономикалық кеңістік» ұғымы тұңғыш
рет айналымға енгізілді.
Явлинский бағдарламасының айрықша белгісі оның
Одақты сақтап қалуға бағытталуында еді. Республикалардың
экономикалық егемендіктері мойындалды, ал өзара қарым-
қатынастар орталық пен республикалардың тең қатынас-
тарына негізделді. Бірегей валюта одағын сақтау көзделді,
ал одақтық бюджетті ұлттық жалпы өнімнің жан басына
шаққандағы мөлшеріне сәйкес құру жоспарланды.
Бағдарламада көрініс тапқан идеялар мен оптимизм
көптегенжағдайларда қазақстандықтарға ұнап еді. Ішкі саяси
және экономикалықжағдайдыесепке алаотырып, менОдақты
Дербес республикалардың конфедерациясына айналдырып
реформалаудыұсындым.Орталықпенқарым-қатынасжасаудың
көптеген тетіктерін нақ осы республикалардың кең дербестігі
идеологиясынабізбағдарламажасалыпжатқанкезде-ақенгізіп
қойған болатынбыз. Григорий Явлинскийдің өзі Ресей Үкіметі
басшысының орынбасары болып тағайындалды. Өзгелерді
былай қойғанда, мен Явлинскийді өзімнің экономикалық
кеңесшім етіп тағайындадым. 1991–1992 жылдардың бо-