ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
190
бұрынғы КСРО-ның бірінші класты қарыз алушы ретіндегі
жақсы атына үлкен нұқсан келді.
Елдің барлық қалаларында қатаң карточкалық жүйе
енгізілді. Негізгі азық-түлік тауарларының – ет өнімдерінің,
мал және өсімдік майының, макарон өнімдерінің, қанттың,
тұздың, сіріңкенің, алкоголь ішімдіктерінің, сырдың, сүт
тағамдарының, темекі және кондитерлік тағамдардыңжәне
т.б. сатылуына шектеу қойылды. Көптеген жағдайларда
әрбір адамға ай сайын тауар босатудың мөлшері 1991
жылдың соңына қарай былай болды: қант – 1 кг, ет
тағамдары (жартылай фабрикаттарды қосқанда) – 0,5 кг,
сары май – 0,2 кг. Осы мөлшердің өзі де орындалмады,
сондықтан да жабдықтау кепілді болған жоқ, талондар
бірнеше ай бойы тауарға айырбасталмай жатып қалатын
және олар бойынша тауар алуға орасан зор кезектер пайда
болды».
Дерек көзі: «Очерки экономической политики
посткоммунистической России (1991–1997)»,
1998 ж. (http:// www.iet.ru/ publics/1000/1000. html)
Әлсіреп баражатқан одақтық аппаратпен салыстырғанда
РКФСР Үкіметі әлдеқайда қуатты болып көрінетін. Сонымен
бірге, оның өзінде де іс жүзінде бірлік жоқ еді. Оны 1993
жылы күзде өрістеген оқиғалар мен 1994 жылғы бірінші ше-
шен соғысының нәтижелері көрсетіп берді. РКФСР Жоғарғы
Кеңесіндеорыналғануәдені үйіп-төгіпберушілікпенбосдаурығу
толқынында Ресей Үкіметіне әртүрлі сыңайдағы көптеген
саясаткерлер мен экономистер еніп кетті. Мұнда «нарықтың
көлегейлі қолынан» дәмелі барып тұрған монетаристі де,
«Ресей экономикаға қосымша ауыр жүк болып тұрған, оның
(Ресейдің) әлеуметтік-экономикалыққайтажаңғыруынбұзатын
«масыл» республикалардан құтылғаннан кейінөзініңбұрынғы
қуатына, қайтып келеді» деп ойлайтын ашық ұлтшылдардыда