т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
189
айырмашылығы 1992 жылдың 10 айында 10,6 млрд АҚШ
долларына тең болды. Осы тапшылықты жабу үшін соңғы
одақтық үкімет алтын қорының 3,4 млрд долларға тең
болатын бір бөлігін сатып жіберді және кәсіпорындардың,
ұйымдардың, жергілікті өкімет органдарының КСРОСыртқы
экономикалық банкісіндегі есепшоттарда сақтаулы 5,5
млрд АҚШ долларына тең, валюталық қаржыларын және
жұмсап қойды.
Бұрынғы КСРО-ның республикалары осы кезде іс
жүзінде ақшаның орнына жүретін баламаларды (талондар-
ды, сатып алу карточкаларын, көбірек пайдаланылатын ку-
пондардыжәне т.б.) енгізуге кірісті, ал кейбір жағдайларда
(Украина, Эстония, Латвия, Литва) толыққанды ұлттық ва-
люталарды енгізуге дайындықтар басталды. Бұл айналым-
дағы ақша ауқымын өсіріп, оны Ресейдің территориясына
қарай ығыстырды, сөйтіп мұндағы онсыз да күрделі қаржы
жағдайын тіпті шиеленістірді.
Тапшылық дәрежесіне іс жүзінде тауарлардың барлық
түріне жуығы көшті. Халықтың ақшалай салымдарымен
тауар қорының қатынасы (1970 жылмен салыстырғанда 5
есежәне 1985жылға қарағанда 2 еседен астам) төмендеді.
Бөлшек саудадағы тауар қоры ең төменгі рекордтық
көлемге дейін түсті.
Барлық салаларды және басқару жүйесін толық қам-
тыған тұралаудың нәтижесінде азық-түлікпен жабдықтау
іс жүзінде біржола қирады. Сонымен, 1992 жылдың
қаңтарында азықтық астықтың (импортсыз) қоры3млн тон-
на шамасында төмендеді, ал бұл кездегі елдің ай сайынғы
сұранысы 5 млн тоннадан артық болатын.
Соған қарамай, шеттен әкелінген астық тиелген кеме-
лер Ресей порттарында түсірілуін күтіп, қаңтарылып тұрды,
себебі, тасымал үшінжәне кемені жалдағаны үшін берілетін
валюта болмады. Кредиттік жүйелер ашылмады, себебі