ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
188
Егер біреу өзінің салымдарын қолма-қол ақшаға айналды-
рып алғысы келсе, керекті соманы Мәскеуден сұратуға тура
келді. Сондықтан сол кездерде өз салымдарын жоғалтып
алған адамдар, жоғалтқан ақшаларының Мәскеудегі жинақ
кітапшаларында қалып қойғанын, олардың Қазақстанға
қайтарылмағанын ұмытпаулары керек. Қазақстан үкіметінің
бұл жерде кінәсі жоқ. Біздің адамдар ақшаларын Ресейден
қайтартып ала алмағаннан кейін, бұл қарыздарды біздің
қайтаруымызға тура келді.
Р
есей
реформаторлары
Одақтың бір бөлігі бола отырып, біз Мәскеудегі болып
жатқан оқиғаларға бейтарап қарап отыра алмадық. 1991
жылғы тамыз бүлігіне дейін-ақ Одақ пен Ресей үкіметтерінің
арасындағы текетірес әбденшегіне жеткен еді. Одақтық бюд-
жетке салық түсімдерін аударудан бас тартқан және өзіндік
экономикалық бағдарламаларынжасай бастағанПрибалтика
республикалары мен Украина үсті-үстіне «отқа май құйып»
отырды. Сонымен бірге, одақтық министрліктерде «түсініп
болмайтын, қым-қуыт» жағдай қалыптасты. Сол кезде-ақ
біртұтас тетіктер мен қалыптасқан жұмыстан ештеңе қалмады.
«КСРО-ныңыдырауықарсаңында оныңноминалданған
конверттелетін валютадағы сыртқы қарызы 76 млрд АҚШ
долларына, ішкі валюталық қарызы 5,6 млрд көлемінде
өсіп, клиринг операцияларыбойынша борыш29млрдАҚШ
долларына дейін жетті. Алтын валюталық резерв шұғыл
кеміп, мемлекет өмір сүрген уақыттың ішінде бірінші рет
алтын қоры 300 тоннадан (1992 жылы 1 қаңтарға 289,6
тонна) кемболды. Орталықтандырылған экспорттан түсетін
валюталық түсімдердің орталықтандырылған импортты
төлеу үшін сыртқы қарыздарды жабу үшін жетіспейтін