Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
17
сақтауы және көрші мемлекеттердің Сингапур ісіне аралас-
пауыжөніндегі проблемалар еді. Сингапур өз экономикалық
саясатын сүйей отырып, сингапурлықтардың ерік-жігері
мен еңбексүйгіштігіне негіздеп жүргізді, порттың тиімді
географиялық жағдайына және кадрларының жоғары
біліктілігіне арқа сүйеді.
Сингапур Премьер-министрі өзінің ерекше мінезімен,
жігерлі сөзімен және жарқын бейнесімен аудиторияны
бірден баурап, үйіріп әкетті. Шығысқа тән биязылығымен
және өрнекті ойымен Ли Куан Ю үлкен мемлекетті үлкен ке-
меге теңеп, оның ебдейлі қимылы үшін кең жер және қауіпсіз
тереңдік қажет екенін, әйтпесе кеме төңкеріліп қалатынын
айтты. Басқаша айтқанда, КСРО мен Қытай секілді тұғырлы
мемлекеттер үшін түбегейлі экономикалық реформаларды,
содан кейін саяси реформаларды жүргізуге ұзақ уақыт және
түбегейлі есептеулер қажет екен. Сонымен бірге, Сингапур
мен Қазақстан секілді елдерден Тарих түбірлі өзгерістер мен
қатал тәсілдерді талап етеді екен, ұзақ ойлану мен толғануға
уақыт бермейді екен.
Ли Куан Ю өз лекциясында Батыс және Шығыс Герма-
нияның, Солтүстік және Оңтүстік Кореяның дамуынан
мысалдар келтіре отырып, аудиторияны коммунизмнің
ешқандай болашағы жоқ екеніне сендіруге тырысты. Бірың-
ғай мәдениеті, менталитеті, климаты және табиғи ресурс-
тары бола тұрып, коммунистік жүйедегі елдер өздерінің
капиталистік туысқандарымен бәсекелесе алмағанын айтты.
Тәжірибелі саясаткер және мемлекеттің көшбасшысы
Ли Куан Ю КСРО-ның сөзсіз құлайтынына, алайда соған
қоса, ол Қазақстанның болашағы зор екеніне күні бұрын
таза сенімде болды. Дегенмен жұрттың көбі сол кезде оның
біздің елдің атына айтылған сөзін тек шығыстық қонақтың
дипломатиялық сыпайылығы деп қабылдады, алайда Уақыт
оның көрегендікпен айтылғанын көрсетті.