Page 188 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
187
Төлемдер жүйесі бірден-бір арна – Қазақстанның Ұлттық
банкісініңМәскеудегі корреспонденттік есепшоттары арқылы
ғана қызмет жасады. Қазақстан өзінің төлем құжаттарын
Алматыдағы Ұлттық Банкке жіберіп отырды, өйткені ол кез-
де бірде-бір коммерциялық банк шетел банктеріне шыға
алмайтын. Сол кезде-ақ елде 200-ге жуық коммерциялық
банктер болғанымен, олардың барлығы да шағын болатын.
Олардың бірде-біреуінің өкілдіктері не Мәскеуде, не басқа
бұрынғыодақтық республикаларда болғанжоқ. Тіпті олардың
Мәскеудегі коммерциялық банктерде корреспонденттік есеп-
шоттарыда болмады. Осындай байланыстардың болмауынан
Қазақстан мен Ресей арасындағы төлемдер бүтіндей тоқтады.
Аударымдармен төлемдер, кейбіржағдайларда, жартыжыл-
дан астам жүрді. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан төлем
тетіктері қас-қағымда жоқ болды. Аударымдардың барлық
ауыртпалықтары ол кездерде республикалар арасындағы
және халықаралық барлық есеп айырысуларды қамтамасыз
етуге дайын емес Ұлттық банктің иығына түсті.
Ал өмір бір орнында тұрмады. Қондырғылар мен өнім-
дерді тасымалдап жеткізу ісі жалғаса берді. Осыдан келіп,
есеп айырысулардың көлемі орасан зорайып өсе берді.
Қазақстанның барлық облыстарынан Ұлттық банктің бас
офисіне аударымдар туралы тонналаған корреспонденция-
лар түсіп жатты, оның тасқынын ауыздықтау өте қиын болды.
Бұрынғы КСРО елдерінің мемлекетаралық барлық есеп айы-
рысулары рубльмен жасалынды. Барлық ақша-несие саяса-
ты Ресейдің Қаржы министрлігінің және Орталық банкінің
қолында болды.
Шаруашылыққа қатысты төлемдерден басқа, Одақтың
бүкіл жинақ жүйесі деМәскеуге барып тірелді. Азаматтардың
барлық жинақ банкілеріндегі салымдары Мәскеудегі КСРО
Орталықжинақ банкісінде сақталынды. ЯғниЖинақ банкісіне
салған біздің ақшаларымыз бірден Мәскеуге кетіп жатты.