Page 187 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
186
туралы айтатынмын. Маған жұрт сенетін. Мен қашанда бол-
са да өзімнің уәделерімді орындауға тырысатынмын. Біздің
көз алдымызда «ортақ ұлы отанымыз» құлап жатқан осы
бір қысылшаң жағдайда адамдармен әңгімелескен кезде
сөйлейтін сөзіңді дұрыстап, байқап айту, тіпті сол сөзіңнің
ырғағын да бақылау қажет болды. Елдің бәрініңжүйкесі әбден
жұқарған еді.
Кейде халықтың әуелі айғайға басатынын, гуілдеп
кететінін, аздан кейін барып ақырындап айтқандарыңа
құлақ аса бастайтынын, қиындықтың не себептен екендігін
түсінетінін және біздің осы мәселелерді шешуге байланысты
не істеп жатқанымызды білгеннен кейін, бірте-бірте басы-
латынын қазір мен есіме түсіремін. Кейде топтың ішінен
кейбіреулер: «Нұрсұлтан Әбішевич, сигаретіңіз жоқ па?» –
деп айғайлайтын. Мен темекі тартпайтынмын, бірақ осындай
жағдайға қажет болар деп қалтама бір қорап сигарет салып
жүретінмін. Кейіннен, осындай әңгімелесулер кезінде таратып
беру үшін көбірек сигарет алып жүретін болдым. Мынадай
бір күлкілі оқиға есімде: ол кезде фабрикаларда орайтын
қағаздың болмауынан сигареттерді метрлеп сататын. Бүгін
еске алғанда осы күлкілі сияқты, бірақ шыны солай болды,
не істейсің? Кейде жұртқа сигареттер үлестіру атмосфераны
сейілтетін, нәтижесінде әңгіме пайдалы болып шығатын.
Еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды төлеу үшін
біз Ресейден ақша сатып алуға мәжбүр болдық. 1992жылдың
бірінші жартысына дейін Ресейдің Орталық банкісінен ақша
қаражатын біз тегін алып тұрғанбыз. Бірақ кейіннен бюджет-
тер бөлінгенде рубльді сатып алуға тура келді. Ақшаны сатып
алуға Қазақстан бюджетінде қаражат жетпегендіктен, ел оның
тапшылығын бірден сезінді. Біз рубльді қарызға (несиеге деп
те айтуға болады) алатынбыз. Артынан Ресей біздің 1,5 мил-
лиард долларға қарызданғанымызды айтты. Бірнеше жылдар
өткеннен кейін барып, «Байқоңыр» айлағы үшін есептескенде
ғана осы қарызды жаптық.