т
еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз
185
Келесі екі жыл біз үшін аса ауыр сын болды. 1992 жылы
елдің экономикасы құлдиға қарай құлдырады. Барлық
жерде ақша мүлде құнсызданды, еңбекақы мен зейнетақы
төленбеді, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байла-
ныстар үзілді, халық тұтынатын тауарлар мен қолға берілетін
ақша тоқтатылды. Бұрынғы мұның барлығын бақылайтын,
одақтық министрліктер қазір жоқ. Өзара есеп айырысу мен
тауар беру деген атымен жойылды. Сол кездегі бос жатқан
сөрелерді, нанға, балалар тағамдарына, тұзға, қантқа, сига-
ретке тұрған ұзыншұбақ кезектерді қазір көз алдыңа елестету
қандай қиын болса да, бұл сол кездегі ащы шындық еді.
Бұрынғы одақтық республикалар арасындағы қаржы
байланысы мен өзара бірлесуінің үзілуі экономикалық
жағдайдың күрделілігін одан сайын қиындатты. Әрине,
оның қарапайым адамдардың өміріне тікелей әсері болды.
Қазақстандағы ақша мәселесінің шешілмегендігі салдары-
нан еңбекақы, жәрдем ақылар, тағы сондайлар халыққа
уақытында берілмеді. Ақшаның жетіспеуінің барлық себебі
Ресейдіңмемлекеттік банкісіне барып тірелді, өйткені барлық
қаржы ресурстары Мәскеуден бөлініп отыратын.
Мен әлденеше рет Мәскеуден бізге бөлінетін қолма-қол
ақшаның көлемін ең болмаса жарым-жартылап шешуді та-
лай рет сұрадым. Оған жауап ретінде тек құрғақ уәде ғана
берілетін. Ал біздің өтініштеріміз ескерусіз қалатын болды. Ал
бұл кезде бөгелген ақша халыққа тигеншемүлде құнсызданып
кететін. Қиындықтар үсті-үстіне туып, өсіп отырды, кәдімгі өрт
сөндіргендей жағдайда жұмыс істеуге тура келді.
Осының бәрі халық арасындағы ереуілдер мен ми-
тингілерге алып келген әлеуметтік тұрақсыздықтың алғы-
шарттары болды. Халықты тыныштандырып және жағдайды
түсіндіру үшін ауылдарға, қалаларға жиі баруға тура келді.
Мен халықты шыдамдылыққа шақырып, жасап жатқан
шараларымыз туралы, әлде де алда болатын қиындықтар