Page 185 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
184
көмір тиелмепті, ал тиісті жеріне жіберілмеген көмір үшін
еңбекақы төленбейді, еңбек қауіпсіздігі қамтамасыз етіл-
меген, дүкен сөрелері қаңырап бос тұр.
Келіссөздерді дұрыс арнаға бұру үшін, мен шахтерлердің
өз арасынан өкілдер бөлуді ұсындым. Содан соң келіссөз
«Қарағандыкөмір» комбинаты әкімшілігінің ғимаратына
ауысты. Келіссөздер мәселелерге жауап беретін министрлер-
дің қатысуымен келесі күнгі таң атқанға дейін созылды. Оған
дейін менің өтінішім бойынша КСРО Министрлер Кеңесі
төрағасының орынбасары Догужиев пен Көмір өнеркәсібі
министрі М.И. Щадов келіп жетті.
Көп сағаттық келіссөздердің барысында мәмілеге келіп,
шахтер ұжымдарының бірінші кезектегі мұқтаждықтарын
қанағаттандыруға қолжетті. Осындай келіссөздер Қарағанды
облысының өзге шахтерлер қалаларында – Шахтинскіде,
Саранда, Абайда өтті.
Ереуілдер тоқтатылды. Соңынан, Мәскеу қазақстандық
тәжірибені Одақтың басқа да өңірлерінде пайдалануға
болатындығын ескеріп, келіссөздердің барысы туралы егжей-
тегжейлі есеп беруді сұрады. Бұл жерде қайдағы тәжірибе?!
Мен, егерде адалына келсем, бұдан да қиын жағдайды
күткен едім, себебі КСРО-да біздің көмірді пайдаланатын
кәсіпорындар бірінен кейін бірі тоқтап жатқан.
Бірақ қазақстандықтардың ауыр қиындықтарға көнгеніне
қарамастан, бүкіл елде жұмысшы ұжымдарының арасын-
да наразылық күшейе түсті. Бізде шахтерлермен болған
шиеленісті жылдам реттеуге мүмкін болғанымен, енді біздің
қалыптаса бастаған ахуал үшін кінәлі саналатынымыз анық
байқалды.
Ахуал жылдан жылға қиындай берді. Кеңестер Одағы
тоқтаусыз өзінің күйреуіне қарай келе жатты. Ең басында 19
тамыздағы бүлік, одан кейін Ресей, Украина және Белоруссия
үшеуінің Беловежьедегі шешімі КСРО-ның ыдырауына нүкте
қойды. Бірақ бұл өз алдына жеке тақырып.