Page 17 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
16
барған сыншылар да аз болмады. Бірде оның сондайларға
былай деп жауап бергені бар: «Мен сайлаушылардың
тым аңғал ұмытшақтығына, кереғар тенденциялардың
ықпалымен бөлініп-жарылуға бейім тұратынфранцуздардың
ескі әдетіне, саяси ойындарға әуестігіне қайран қаламын.
Осы тенденциялардың ықпалымен, күшті билікке қарсы
дүрдараздықтың отын тұтандыра отырып, партиялар өз
өктемдігін қалыпқа келтірер еді де, елді қайтадан құлдырауға
апарып соқтырар еді. Саяси партиялар режимі Францияны
40-шыжылдардыңбасындамасқаражеңілістергеұрындырған
жоқ па еді».
Келесі мысал – Ли КуанЮ. Отыз жылдан сәл асқан уақыт
ішінде ол Сингапурды өмір сүру деңгейі жоғары, дамыған
қала-мемлекетке айналдыра алды. Бүгінгі күні Сингапурдегі
білім беру мен денсаулық сақтау жүйелері әлемдегі ең
үздіктердің бірі болып табылады, жан басына шаққандағы
кірісі 25 мың доллардан асты, ал тәуелсіздігін алған кезде ол
небәрі 1 мың долларға да жетпейтін еді. Екі миллион халқы
бар мегаполис ірі ұлтаралық компаниялардың жұмыс істеуі
үшін ерекше тартымды азиялық қалаға айналды.
1991 жылы мамырда Ли Куан Ю биресми сапармен
Алматыға келіп қайтқан еді. Міне, сол кезден күні бүгінге
дейін жалғасқан біздің өзара достығымыз басталды. Ол
Қазақстанда өткізген бес күннің ішінде біздің еліміздің
жағдайымен танысып, менің өтінішім бойынша,сол кезде
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде жұмыс істеп жүрген жас
экономистер тобы алдында сөз сөйледі.
Табан астында ұйымдастырылған лекцияда Ли Куан Ю
мемлекет-қаланың қалай құрылғаны, қалай дамығаны
туралы әңгімеледі. Ол тыңдаушылар назарын 1965 жылы
Сингапурдың тәуелсіздік алуымен байланысты тап болған
проблемаларға аудар­ды. Бұл негізінен мемлекеттік ин-
ституттар мен өз армиясын құруы, ұлтаралық келісімдерді