Page 178 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
177
жыл сайынғы баяндамаларындағы мәліметтер бойынша,
мұнайды өндіру мен мұнай бағасының қазіргідей көлемі
жағдайында, оның әлемдегі қоры 40жылға ғана жетеді екен.
Сонымен қатар Ресейдегі мұнай 21 жылдан сәл ғана артық
уақытқа жететін көрінеді. Ал өзінше мұнайдың «Әлемдік
Орталық Банкі» атанған Сауд Арабиясының мұнайы 42
жылға, Иранда 89жылғажететіні айтылуда. Қазақстанда, осы
баяндамадағы мәліметке сәйкес, мұнайдың қазіргідей үлкен
қоры мен әзіргі өндірудің біршама шағын көлеміне қарай,
ол 83 жылға жетеді деп болжау жасалған. Мұнай өндірудің
көлемі өскен сайын бұл мерзімнің толық қысқаратыны да
белгілі.
Қазақстанға мұнай долларынсыз, немесе, ел айтатындай
«мұнай инесіне» дағдыланбай-ақ өмір сүруге үйрену қажет.
Өндіріс таппаған ақшаны әлеуметтік салаға жұмсауға немесе
жалақыны жөнсіз көтеруге әуестенбеу, оны әлде бір «қиын
күндерге» сақтау өте маңызды. 2000 жылы біз құрған Ұлттық
қор, атап айтқанда, осы мақсатты көздейді және жөнсіз
жойымпаздық пен құнсыздану қысымын төмендетудің негізгі
құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активі 2006
жылғы 1 қарашадағы он екі миллиард АҚШ долларынан
асып кетті де, 12 087,39 млн АҚШдолларына, немесе 1 586
млрд теңгеге тең абсолюттік көрсеткішке жетті. Қордың негізгі
түсімдері шикізат секторы ұйымдарының түскен жоспардан
тыс кірістерінен түсті. Осы жерде біздің Ұлттық қорымыздың
үлгісімен 2004 жылы 1 қаңтарда Ресей Федерациясының
Тұрақтандыру қоры құрылғанын атап кеткен орынды болмақ.
Мен бірнеше сөзді мына мағынада айтайын: Ұлттық
қорды, шын мәнінде «болашақ ұрпақтың қоры» деп атаса да
болар еді, өйткені біздің балаларымызға тиесілі мұнайды, жер
байлықтарын сатқанда, біз оларды өткінші қажеттіліктерге
шашуға немесе бүгінгі күннің проблемаларын олардың