ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
176
жыл сайын орта есеппен 45%-ға өсті. Ертеңгі күнді ойламаған
саясаткерлердің дұрыс шешім қабылдамауы нәтижесінде,
бюджет пен баланс төлемдерінің тапшылығы пайда болды,
мұның өзі іс жүзінде мемлекеттің банкротқа ұшырауына және
қоғамда әлеуметтік шиеленістің өршуіне киліктірді. Қысқасы,
еркін ақшаның молшылығы бұл елдердің экономикасының
қуаттылығы мен қабілеттілігін төмендетіп, олардың одан әрі
қарайғы мұнай экспортына тәуелділігін арттырды.
Тіпті, Солтүстік теңізде мұнайдың табылуына байла-
нысты экономикасы тұрақты түрде дамыған Норвегияның
өзі әлеуметтік қамту шығындарын ұлғайтудың нәтижесінде
«голландиялық ауру» деп аталатын проблемаларға тап болды.
Ал енді осы жайды басқа жағынан қарастырып айтатын
болсақ, мысалы, шығыс-азиялық елдерде, әсіресе, Жа-
понияда ешқандай табиғи байлықтың болмауы мұндағы
бюрократтық элитаны ел экономикасының әлсіздігін сезінуге
мәжбүр етті. Алдымен экономикалық, сонан кейін саяси
тәуелсіздікті жоғалтып аламыз деген қорқыныш оларды өз
өнімдерін экспорттқа бағыттау және бәсекеге қабілеттіліктің
көмегімен табыс табу мақсатына елдің ішкі мүмкіндіктерін
шоғырландыруға итермеледі.
Сол себепті біз мұнай сатудан түскен түсімдермемлекеттің
тұрақты кіріс көздері болып табылмайтынын түсінуіміз керек.
Бұл жағымсыз жайлар алдағы уақытта жоғарыда айтқан
«голландиялық ауру» проблемаларынан бастап, ақыр соңы
сол мұнай байлығының сарқылып бітуіне алып келуі ғажап
емес. Мен ондай мемлекеттерді де білемін.
Айтпақшы, Қазақстанның бай қоры туралы айтқанда,
әртүрлі дабыра цифрлармен алданып қалуға болмайды. Иә,
біздің қорлар сондай қомақты, алайда мұнайға деген әлемдік
сұраныстың өсу қарқынын есепке алар болсақ, біз олармен
қандай мерзімге қамтамасыз етілеміз? Мысалы, «Бритиш
Петролеум» және «Энергия мира–2005» компанияларының