Page 179 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
178
есебінен шешуге хақымыз жоқ. Біз осы қаржының бір бөлігін
құрылыстар салуға және елімізді дамытуға – балаларымыз
бен немерелерімізге қалдыратын үйімізді абаттандыруға
ғана жұмсай аламыз.
Мәселен, таяу арадағы жылдарда Қазақстан зор көлем-
де инфрақұрылымға инвестиция салуы, ең алдымен, оны
Солтүс­тік-батыс және Оңтүстік-батыс бағыттарында іске асы-
руы қажет. Біз Қызылордадан Ақтауға және Атырауға қарай,
Оралдан Ақтөбеге қарай басталатын Батыс транспорттық
шеңберін қосуымыз керек. Елімізде қабылданған көлік
байланысы жүйесін дамытудың стратегиясы Ресейдің Еуро-
палық бөлігінен басталып, Қазақстанның батысы, оңтүстігі
және солтүстігі арқылы өтетін, сөйтіп Қытайға дейін бара-
тын транзитті автожол салуды қарастырады. Темір жол-
дар Батыс Қазақстан мен Қытайды байланыстыруы керек.
Әуежайларды, электр желілерін және станцияларын салу
және қайта жарақтандыру іске асырылады.
Аймақтардың көлік өткізу мүмкіндігін жеделдету арқылы
біз халқымыздыодансайынбіріктіре түсеміз. Соныменбіргебіз
осыаймақтардың тұрғындарымен бизнестерінің еліміздіңАл-
маты сияқтықаржыжәне біліморталықтарына, Орталықжәне
Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік кластерлеріне, Оңтүстік
және Солтүстік Қазақстанның азық-түлікті аймақтарына қол
жеткізуіне мүмкіндік жасай аламыз. Мұнайдан түскен табысты
ақылмен және іскерлікпен тиісті жеріне жұмсай білсек, ол
еліміздің байлығы мен тұтастығын одан сайын арттырмақ.
Осының бәрі біріккенде, таяу араларда Каспий шельфін
кең көлемде игеруге қажетті, бәсекеге қабілетті тауарлар
шығаруға және қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік
береді. Оданәрі біз көмір-сутекті шикізаттытиімді пайдалануға
және мұнайхимия өнеркәсібін жалпы дамытуға қарай
ойысамыз. Ілеспе инфрақұрылымға кіретін айлақтарды,
әуежайларды, терминалдарды қатар дамыта отырып,