Page 176 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
175
Сондықтан, бұл сөз қандай мағынада қабылданса да,
оның астарында «мұнай долларының» көбеюіне байланысты
әртүрлі қауіптер де жасырынып жатуы мүмкін. Атап айтсақ,
әлеуметтік сала шығындарының тым ұлғайып кету қаупі де
жоқ емес. Мысалы, Нигерия, Венесуэла және Сауд Арабиясы
секілді елдердегі мұнай сатудан түскен кірістердің есебінен
әлеуметтік блокқа жұмсалатын шығындардың еселеп өсіп
кетуі осыған дәлел болады. 2004 жылы болған кездесуде
қазіргі Сауд Арабиясының королі маған бір әңгіме айтты:
бұрын өздері шетелдіктерді жұмыс істеуге мәжбүр етсе, енді
бұл арабтарды жұмыс істеуге мәжбүр етеді екен. Себебі,
арабтар мемлекеттің есебінен күн көрген масылдықтан
барып, жұмыс істеу қабілетінен айырылып қалыпты. Қазір
мұндаймемлекеттік жәрдем көрсету тоқтатылған. Әрине, бұл
ұлтқа жаны ашымағандық емес, масылдықтың жаппай етек
алуынан келіп туындаған шара болса керек.
Сол сияқты, 70-ші жылдардың ортасында Венесуэла мен
Нигерияда осыған ұқсас мемлекеттің әлеуметтік шығындар-
ды ұлғайту стратегиясы қабылданған. Бұл елдер әлеуметтік
игіліктерге қолжеткізу үшінмемлекеттік бюджеттіңшығыстар
бөлігін күрт ұлғайтқан (орта есеппен 74,5%және 32,2%-ға).
Бұлай ұлғайтудың мүмкіндігі негізінен осы мұнай сатудан
түскен кірістерге байланысты болған. Шығындарды ұлғайту
шынында да еңбекпен қамту құрылымын, тауарлар өндірісі
мен қызмет көрсету саласын, тұтынуды қаржыландыру
мен тұрғын үй құрылысын кеңейтуге, салықтарды азайтуға
көмектескен. Алайда «қара алтын» бағасының өсуі
тоқырағаннан кейін, мелекеттің шығындары мұнайды экс-
порттаудан тапқан кірістердің деңгейінен асып түскен.
Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды жал-
ғастыру үшін енді сырттан қарыз алуға тура келген, бұл өз
кезегінде сыртқы қарыздың өсуіне әкеп соқты. Тек, 1976
жылдан 1982жылға дейінгі кезеңдерде бұл елдердің қарызы