Page 175 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
174
векторлы стратегиясын ұстанып, мұнайды тасымалдау
бағыттарын дамыту жөніндегі түрлі жобаларды қарастыратын
болады. Қазір біз басқа бағыттардағы мұнай құбырлары
бойынша белсене жұмыс істеудеміз. Атап айтқанда, Ақтау-
Баку-Жейхан және Қазақстан-Түрікменстан-Иран секілді
жобалардың тиімділігі талқылануда.Мысалы, Баку-Тбилиси-
Жейханқұбырытаяу уақыттаАқтау-Баку-Тбилиси-Жейханде-
ген атауға ие болуымүмкін. АлАтасу-Алашанькоу құбырының
жобасы қазірдің өзінде іс жүзіне асты.
2004жылдың мамырында менің ҚХР-ға барған сапарым
кезінде Қытай мен Қазақстанның ұлттық мұнай компания-
лары арасындағы мұнай құбыры құрылысын бастау туралы
келісімшартқа қол қойылды. Мұнай құбырының іргетасы сол
жылдың28қыркүйегінде қаланды. АлҚазақстанның алғашқы
мұнайы Қытайға 2006 жылдың 25 мамырында құйыла
бастады. Атасу (Қазақстан) мен шекаралас пункт Алашань-
коу (Қытай) арасын жалғап жатқан осы мұнай құбырының
магистралі арқылы біз жылына 20 млн тоннаға дейін мұнай
экспорттай аламыз. Сондай-ақ осы салынған құбыр неғұрлым
кең көлемдегі жобаға – Каспийден Қытайға дейінгі ұзындығы
3 мың километрге жуық құбырды салуға негіз болатыны
жоспарлануда.
Жоғарыда айтылғандарға қоса, бұл жобалардың нақты
іске асуыкөпжағдайда энергия қуаттарының әлемдік нарығы-
ның конъюнктурасына және Каспий шельфіндегі мұнай-газ
кен орындарын игерудің нақты нәтижелеріне байланысты
екенін атап өткім келеді.
Қазір Қазақстанның бұл саладағы табыстары туралы сөз
болған кезде, мұнай байлығы біздің экономикалық табыста­
рымыздың іргетасы болғанын айтпай кетуге болмайды.
Кейбі­реулер үшін мұның өзі Қазақстан табыстарына жаңсақ
баға беруге себеп болуы, тіпті көре алмаушылықтың түйініне
айналуы мүмкін.