Page 174 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
173
бойынша мұнай-газ кешенінің дамуына тек қажетті қаржыны
салып қана қоймай, оны өндіру, өңдеу мен тасымалдаудың
тұтастай үрдісін ұйымдастыруы тиіс.
Қазақстан инвестициялаудың сенімді де қолайлы объек-
тісі деген беделге ие болуының арқасында, біз шетелдік
инвесторлардың алдына өз талаптарымызды қоя ала-
тын болдық. Біз халықаралық беделге, өзіміздің несиелік
тарихы­мызға ие болдық, біздің тілектерімізді шетелдік
әріптестеріміздің қабылдауы заңды құбылысқа айналды.
«Бұл заңды үрдіс. Қазақстан нығайды, ол өзінің табиғи
ресурстарынан нақты кірістер алғысы келеді. Егер біз алдағы
уақытта да табысты жұмыс жасағымыз келсе, жаңа мұнай-газ
жобалары үшін мемлекеттік режимге байланысты ымыраға
келушілікті қолдана отырып, жұмыс атқаруымыз қажет».
«ЭксонМобил Казахстан Инкл.»-дің бас
менеджері Дж. Тейлордың Шетелдік
инвесторлар кеңесінің 11-ші пленарлық
мәжілісінде сөйлеген сөзінен, Кендерли,
5 маусым 2004 жыл
«Шеврон» мамандарының болжамдары бойынша,
Каспий құбыр консорциумына қазақстандық мұнайдың ба-
рынша көп құйылған кезде ол Жерорта теңізі, Солтүстік және
Батыс Еуропа елдерінің рыноктарында табысты бәсекелес-
тікке түсетін болады. Біз сыйымдылығы 200 мың тоннаға
дейінгі танкерлерді пайдалана отырып, Солтүстік Америка ры-
ноктарын игеретін боламыз. Әрине, жылына 15млн тонналық
қуатпен жұмыс істейтін Атырау-Самара мұнай құбыры да
Шығыс және Орталық Еуропа, Балтық теңізі бассейніндегі
елдердің рыноктарын игеруге мүмкіндік береді.
Алайда бізге осы атқарылған істермен шектеліп қалуға
болмайды. Қазақстан көмір-сутегін экспорттаудың көп-