ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
172
«ХІХ ғасырда Британ империясы мен патшалық Ресей ара-
сында Үлкен Ойын жүргізілген Орталық Азия, бүгінде, өзінің
мұнай-газ байлықтары арқасында «көпполярлы дәуірдің»
АҚШ, Қытай және Мәскеу арасындағы алғашқы стратегиялық
шайқастары алаңына айналып отыр.
1991 жылы осы аймақтың бес мемлекеті Кеңес Одағынан
өз тәуелсіздігін алып, Орта Азия аймағы өзінің ғаламдық
стратегиялық маңызына қайтадан ие болғаннан кейін, бүгінде
ғаламдық көлемде өркендеп өскен Қытай, мұнайға масаңсыған
Ресей және АҚШ Орталық Азиядағы ресурстар мен билікке
ықпал ету үшін күресте мүйіз қағысып қалды. Орталық Азия
стратегиялық шайқастар алаңына айналды».
Фредерик Кемпе (Frederick Kempe),
«The WaII Street JournaI», АҚШ,
16 мамыр 2006 жыл
Тәуелсіздік жылдары мұнай өнеркәсібінің өзі де қайта
құрылды. Мұнай секторындағы мемлекет алдында тұрған
міндеттер де күрделілене түсті. Мысалы, 2004 жылдың
мамырында біз қабылдаған Каспий теңізінің қазақстандық
секторын игеру жөніндегі 2015 жылға дейінгі Мемлекеттік
бағдарламада мұнай саласындағы негізгі екі мақсатқа жету
көзделді. Біріншіден, мұнай өндіруді жете игеріп, тиімді мұнай
магистральдары тораптарын құру. Екіншіден, отандық мұнай
өңдеуші және мұнай химиясы индустриясын құру. Аталмыш
бағдарлама Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру
жөніндегі 1993жылыбекітілгенМемлекеттік бағдарламаның
бірінші кезеңін жүзеге асырудың заңды жалғасы болды.
Өзіміздің мұнай ресурстарымызды дүниежүзілік шаруа-
шылық айналымына белсенді түрде енгізу мәселесіндегі
біздің саясатымыз бүгінде шетелдік мұнай компанияларын
мұнай мен газ кен орындарын барлауға, игеру мен өндіруге
тартудан тұрады. Шетелдік инвесторлар келісілген шарттар