Page 172 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
171
Консорциумның негізгі жұмысы қоршаған ортаға кен
барлау геофизикалық жұмыстардың әсерін бағалау мен
экологиялық мониторинг жүргізуді, геология-геофизикалық
зерттеулерді жүзеге асыруды, Каспий аймағының әлеуметтік
инфрақұрылымы мен өндірісін дамытуды, қазақстандық
мамандарды үйретуді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржы-
ландыруды қамтыды. Халықаралық консорциумның жұмыс
бағдарламасы бойынша жалпы инвестиция 218 млн астам
АҚШ долларын құрады.
Мұнай-газ секторының арқасында, біз алғашқы кезеңде
экономиканың дамуын қамтамасыз етуге жеттік. Кейінде
серіктес салаларды дамыту және негізгі экономикалық
салмақты соларға ауыстыру, сөйтіп оларды экономикамызды
алға сүйреуші «локомотивке» айналдыру қажет болады.
«Қ
ара
алтын
» –
бақ па
,
әлде
сор ма
?
1990 жылдан бастап Каспий бассейні сан алуан қаты-
настардың аса маңызды аймақтық тораптарының біріне
айналды, онда көптеген елдердің экономикалық және
геосаяси мүдделері өзара тоғысып жатты. Бұл жағдай өткір
мәселелердің, яғни Каспий аймағындағы елдерге ықпал ету
үшін бірде ашық, енді бірде жасырын жүргізілген дипло-
матиялық күрестердің тууына себеп болды.
Қазақстаннан аймақта қатаң бәсекелестікті жүргізе оты-
рып, сонымен бірге өзінің мемлекеттік билік институттарын
құру талап етілді. Біздегі жоғары білікті сыртқы саяси ведом-
ство, осы заманғыжедел қимылды әскер, түйінді салалардағы
ұлттық сараптамашылар қазір бар, ал ол уақытта мұның
бірі болған жоқ. Сол сияқты ірі халықаралық келіссөздерді
жүргізетін тәжірибе де болмады.