Page 171 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
170
Қарашығанақтан дүние жүзілік нарықтарға көмір-сутегін
экспорттауға жағдай туғызатын тиімді көлік жүйелерін құру-
дың нақты мүмкіндіктері пайда болды. Осыған байланысты
Өнімдерді бөлісу туралы түпкілікті келісімге (ӨБТК) қол қоюға
дайындық жұмыстары жандана түсті. Мердігерлер өкілдері,
республикамыздың министрліктері мен ведомстволары
өкілдері арасында жүргізілген келіссөздер барысында ӨБТК
жобасы дайын болды, оған 1997 жылдың қарашасында қол
қойылды, ол 1998 жылдың 27 қаңтарынан күшіне енді, бұл
келісімшарт 40 жыл мерзімге жасалды.
Әлемдегі соңғы 30 жылда ашылған тағы бір өте ірі мұнай
кен орны – Каспий теңізінің солтүстігіндегі Қашаған мұнай
кеніші еді. Бүгінде одан алынатын мұнай қоры 10 млрд бар-
рель деп бағаланады.
Бұл кен орнының ашылуы Қазақстанды әлемдегі ең
мол көмірсутегі ресурстарына иелік етуші негізгі елдердің
қатарына кіргізді. Осыншама мол мұнай қорының табылуы
Каспий аймағына деген бүкіл әлемелдерінің қызығушылығын
туғызып, оның инвестициялық тартымдылығын арттырды.
Каспийдің қазақстандық секторындағымұнай-газ әлеуе-
тін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін 1993 жылы
халықаралық консорциум құру ұйғарылды. Каспийдегі
жұмыстың күрделі техникалық жағдайы мен экологиялық
жоғары талаптарды ескере келіп, әу бастан-ақ алғашқы теңіз
консорциумы мүшелерін таңдау кезінде мұнай компанияла-
рын мұқият іріктеу жүргізілді. Консорциумға осы заманғы
озық техникалық және технологиялық мүмкіндіктері, өте
күрделі кен орындарында ең қатаң экологиялық талаптарды
сақтай отырып жинақтаған жұмыс тәжірибесі бар мынадай
компаниялар кірді, олар: «Казахстанкаспийшельф», «Бритиш
Петролеум / Статойл» (Ұлыбритания / Норвегия) альянсы),
«Бритиш Газ» (Ұлыбритания), «Шелл» (Нидерланды), «Ад-
жип» (Италия), «Мобил» (АҚШ), «Тоталь» (Франция) еді.