Page 170 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
169
консорциум екі жақта бірдей толыққанды жұмыс істеуі үшін
тағы да бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
талап етілді.
Әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсатының кеніші біздің
Қа­рашығанақ еді. 2004 жылы оған 25 жыл толды. Бүгінде
оның қоры 1,2 млрд тоннадан астам сұйық көмір-сутегі және
1,3 трлн текшеметрден астам газ көлемінде болып отыр.
Кенішті игеру 1979 жылы, ашылғаннан кейін 5 жылдан
соң барып басталған болатын. Дегенмен ол дербес өмір
сүріп, дами алмады. Өйткені Қарашығанақ екі арасы 130
километрлік құбырменжалғасқанОрынбор газ өңдеу зауыты-
на (ОГӨЗ) түгел-дей тәуелді болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қарашығанаққа көмір-
сутегін өңдеу және тасымалдау проблемаларынан басқа,
ұңғылардағы археологиялық қалдықтар, апаттардан топы-
рақтың ластануы, кеңестік уақытта конденсатты сақтау үшін
жерасты ядролық жарылыстармен пайда болған 6 жолақты
«Лира объектілері», сондай-ақ бұрғылау қалдықтары мен
бұрғылау мұнарасының бос қалған қоймалары секілді өте
күрделі экологиялық проблемалар қалды.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешіп, жобаны одан әрі
дамыту үшін үлкен инвестиция қажет болды. 1992 жылы Ре-
спублика Үкіметі Қарашығанақ кен орнын игеру құқығы үшін
шетелдікмұнай компанияларын тарта отырып конкурсжария-
лады. 1995 жылдың наурызындағы конкурс қорытындысы
бойынша Қазақстан Республикасы мен «Аджип» / «Бритиш
Газ» компанияларының одағы арасында Өнімдерді бөлісу
принциптері туралы келісімге (ӨБПК) қол қойылды.
ӨБПК-нің қолданылу мерзімі бойына, 1995 жылдан бас-
тап 1997 жылдың аяғына дейін, жобаны дамытуға 293,5
млн АҚШдолларыжұмсалды. 1996жылдың желтоқсанында
КТК-ны қайта құру туралы Келісімшарт пен осы келісімшартқа
өзектес басқа да құжаттар жасалғаннан кейін барып қана,