ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
168
тартуға қатысудан бас тартқан жағдайда, өз жері арқылы
мұнай тасымалдаудан түсетін қаншама ақшадан айырыла-
тынын қадап көрсетуді тапсырдым.
Б. Ельцин Кремль ауруханасында емделіп жатқан еді.
Мен сол ауруханаға бардым. Екі сағатқа созылған әңгімеден
соң мәселе шешілді. 1992 жылдың 17 маусымында Бермуд
аралдарында Қазақстан РеспубликасыменОман сұлтандығы
өкілдерінің арасында құбыр консорциумы туралы алғашқы
Келісімге қол қойылды.
Кейінде оған РесейФедерациясы келіп қосылды. Келісім-
де Ресей мен Қазақстан консорциумға қазірдің өзінде қолда
бар құбырлар актив беретіні, ал Оман жобаны қаржыланды-
руды қамтамасыз ететіні қарастырылды. Консорциумге
қатысушылардың үлесі тең етіп бөлінді. Алайда, Оман қажетті
қаржыны бере алмайтын болды. Инвестициялық жобаның
1995жылыдайындалған техника-экономикалықнегіздемесін
Ресей Федерациясының Мемлекеттік сараптау мекемесі
жетілдіріп қайта жасауға жіберді. Басты мәселе мынадай еді:
келісімшарт мемлекетаралық деңгейдежасалғанда елдежаңа
басталған жекешелендіру үрдісі, демек, Каспий мұнайын
өндірумен айналысатын негізгі компаниялардың мүддесі
ескерілмей қалған. Оны Оманға жобаны қаржыландыру
кепілдігін беруден бас тартқан Еуропалық қайта құру және
даму банкісі де атап көрсеткен-ді.
Сол мезгілде Ресей мен Қазақстанда мұндай жобаны
жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық база жоқ еді. Ең алдымен
бұл валюталық қаржының еркін айналымы туралы мәселе
болды, ал онсыз жобаны ашық қаржыландыру мүмкін емес
еді. 1997 жылдың 19 сәуірінде мен жобаны валюталық
жағынан реттеу мәселелеріне қатысты «Каспийдегі құбыр
консорциумы туралы» Жарлыққа қол қойдым. Соның ар-
тынша 24 сәуірде осыған ұқсас жарлыққа Б. Ельцин де қол
қойды. Бұл жарлықтардың шешуші маңызы болды, алайда