Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
15
аса көрнекті екі қайраткерді ерекше атап айтқым келеді.
Ол – әлдеқашан өмірден өткен Франция Президенті Шарль
де Голль, сондайақ қазір де күйлі-қуатты өмір сүріп жүріп
жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Француз республи-
касын парламент дағдарысы бірінен соң бірі жалғасып,
жұлмалап жатты. Франция қайта-қайта жеңіліске ұшырады.
1930-шы жылдары Франция саяси тартыстарға тап болып,
Германия тарапынанжасалған агрессияға қарсы тиімді күресе
алмады және осының нәтижесінде теңіздің ар жағындағы
өзінің жерлерінен айырылып қалды. Екінші дүниежүзілік
соғыстыңмасқарасынанфранцуздар айығып үлгермейжатып,
Алжирде ұзаққа созылған қанды азамат соғыстарыбасталды.
Үнді-қытай қақтығысына киліккен француз армиясы вьет-
нам шаруаларымен соғыста жауынгерлерінен айырылып, өз
беделінжоғалтты. 1950-інші жылдардың соңына қарайФран-
ция әлемдік держава мәртебесінен біржолата айырылды.
Саяси дағдарыс экономиканың жалпы жағдайында өз
қолтаңбасын қалдырды. Францияға өз тарихының кезекті
парақтарын неғұрлым тезірек қайта аударыстыру қажеттігі
туындады. Елге француз ұлтын топтастыруға қабілетті күшті
тұлға керек болды. Сондай тұлға генерал де Голль еді.
Өз отандастары арасында саяси қайраткерлігімен кеңінен
танымал және сөзсіз үлкен беделге ие болған ол күшті де тұ
рақты президенттік республиканы құруға қолы жетті. Қысқа
мерзімнің ішіндеШарль де Голль тізерлеп қалғанФранцияны
тікесінен тік тұрғызды, фашистікжаушылықтан азат болғаннан
кейін, оның бұрынғы абыройын қайта оралтты және әлемдік
державалар қатарына қайтадан кіргізді. Шарль де Голль
өз отандастарына өсиет етіп қалдырған Франция Консти-
туциясы елін қайта түлетіп, Европалық Одақтың жүрегіне
айналдырды. Сол уақытта Шарль де Голльді француз демо-
кратиясын «өлтіріп, жерлей жаздады» деп кінәлауға дейін