Page 168 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
167
салып, пайдалану үшін құрылған болатын. Аталмышжобаның
мақсаты – Ресей мен Батыс Қазақстаннан мұнай шикізатын
тасымалдау және оны жаңа теңіз терминалы арқылы Қара
теңіздің солтүстік-шығыс жағалауына шығару.
Консорциумының алғашқынегізін салушылар1992жылы
Қазақстан үкіметі, Оман сұлтандығы және кейінде Ресей
болды. 1996 жылы бізге Каспий теңізінің қазақстандық сек-
торында игеру жұмыстарын жүргізетін бірқатар жеке меншік
мұнай компаниялары келіп қосылды. 2001 жылы бірінші
кезектегі құбырлар пайдалануға берілді, олардың өткеру
қабілеттілігі жылына 28 млн тонна мұнай көлемінде болды.
КТК құбырларына мұнай жіберу 2001 жылдың 26 науры-
зында басталды, осы жылдың қазанында КТК терминалында
алғашқы танкерге байқау ретінде мұнай құю іске асырылды.
Теңіз-Новороссийск мұнай құбырын тарту идеясы сонау
XX ғасырдың 90-шы жылдарында пайда болған еді. Кеңес
Одағы құлағаннан кейін, Қазақстанның орасан мол мұнай
қоры, әлемдік мұхитқа шығар жолы жоқ мемлекет ретінде,
құрлықтың ішінде «қамауда» қалды. Алдын-ала жасалған
экономикалық есептеулер нәтижесінде, өнімді аз шығын
жұмсап, ең қысқа жолмен өткізуді қамтамасыз ететін
ресейлік бағыт таңдап алынды. Ресеймен жоғары деңгейдегі
келіссөздер 1994 жылдан бастап жүргізілді. Ресей жағынан
мұнай құбырын салғысы келмеген қарсылықтарды жеңе
отырып, ортақ келісімге келуге тура алты жыл кетті.
Қысқасы, Ресей Үкіметінің Төрағасы В. Черномырдин-
мен, Ресей Федерациясының Мұнай және газ министрлігінің
басшыларымен, ақыр соңы Б. Ельцинмен арадағы өте
көптеген келіссөздер туралы тұтастай бір кітап жазуға бо-
лады. Бірде маған біздің Премьер-министр Н. Балғымбаев
келіп: «Бітті! Жағалай бас тарту, ылғи іріткі салу, байқаймын,
мәселе шешілмейтін түрі бар», – деді. Мен оған тайға таңба
басқандай етіп қысқаша хат дайындап, Ресей мұнай құбырын