ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
166
1,6 млн километрден астам болашақта игерілуге тиісті жер
телімдері өз алдына.
«Қазақстан, 15 миллион тұрғыны бар, Орталық Азия
далаларында орасан зор аумақты алып жатқан ел, энергия
ресурстарының әлемдік нарығында барған сайын маңызды
ойыншыға айналып келеді. Каспий ауданында мұнай
шикізатының ең үлкен қоры бар бола тұрып, Қазақстан
күнделікті 1,2миллионбаррель өндіреді жәнеосыкөлемнен
бір миллионды сыртқа шығарады. Ел Үкіметі 2015 жылға
қарай күнделікті өндіруді 3,5 миллион баррельге дейін
ұлғайтуға, сөйтіп осы көрсеткіштер бойынша Ирандыбасып
озуға үміттенеді. Американдықжәне ресейлік компаниялар,
сондай-ақ осы елдердің үкіметтері Қазақстанмұнайына қол
жеткізу үшін күресуде».
Питер Бейкер (Peter Baker), «The Washington
Post», АҚШ, 29 тамыз 2006 ж.
Міне, мұның бәрі экономиканың мұнай секторының
перспективалары туралы, демек, Қазақстанның әлемдік
энергия ресурстары клубында жеткілікті түрде жоғарғы орын
алуына қабілеттілігі туралы куәлік етеді. Сайып келгенде, мен
таяу болашақта қазақстандық мұнай секторы экономикалық
жағы секілді саяси жағынан да маңызды рөл атқарады деп
санаймын.
Бүгінде Қазақстанда өндіруші аймақтардан құбырлар
жүйесіне дейін көмір-сутегін сыртқа шығаруды одан әрі
қамтамасыз етуге қабілетті, мұнай мен газды тасымалдаудың
біршама дамытылған инфрақұрылымы бар. Каспийлік
құбырлар консорциумы аса маңызды экспорттық құбырлар-
дың бірі болып табылады.
Каспийлік құбырлар консорциумы жалпы ұзындығы
1510 километрлік Теңіз-Новороссийск құбыры құрылысын