к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
165
нарыққа табиғишикізаттарды сыртқашығаруға бағдарланған
ел ретінде кіреміз. Бұл енді жалт бұрылып кету көрегендік
болмас еді, өйткені бұл кезеңде Қазақстанның әлемдік
қоғамдастыққа ұсынар кәдесі бар.
Құдайғашүкір, бұл осылай, әлембізге мүдделі. Қазақстан
үшін ендігі мәселе қолдағы бар ресурстарды еліміз бен
халқымыздың игілігіне ақылмен пайдалана білуде болып
отыр.
Қазақстанның жер қойнауы әлі де көп бөлігі игерілмеген
табиғибайлықтарға толы.Кеңес уақытындағы: «Қазақстанның
жер қойнауынан Менделеев таблицасының барлық эле-
менттері табылады» деген қанатты сөз тегін айтылмаса керек.
Біз жер қойнауында жасырынған осымол байлықтың жүзден
бір бөлігін де игергеніміз жоқ. Қазіргі кезде біздің еліміз
табылғанмұнайқорыныңкөлемі жөнінен(Каспийшельфіндегі
энергоресурстарды есепке алмағанда) дүние жүзінде 12-ші
орында, газ бен газ конденсаты жөнінде – 15-ші орында тұр.
Қазақстан үлесіне әлемдегі табылған және барланған мұнай
қорының (Каспий шельфіндегі энергия ресурстарын есепке
алмағанда) 3-4%-ы тиеді. Ал Қазақстанның құрлықтағы
бөлігіндегі көмір-сутегі ресурстары қазіргі мезгілде 2,8 млрд
тонна мұнай мен 1,8 трлн текшеметр газға тең.
1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігіміз жариялан-
ған кезде мұнай мен газдың жеткілікті мол қоры бар екені
туралы болжаулар бола тұрып, Қазақстанның жылдық
мұнай өндіруі 25 млн тонна, ал газ – 8 млрд текшеметр ша-
масында болды. Қазір біз, каспийлік шельфтің барланған
ресурстарын игеру бағдарламасын орындай отырып,
әлемдегі ең ірі көмір-сутегін өндірушілердің бірі болуға
қадам басып келеміз. Каспий шельфіндегі қорларды есепке
алғандағы Қазақстанның көмір-сутегі ресурстары 12 млрд
тонна мұнай-шикізатыжәне 2-3 трлн шаршыметр табиғи газ
мөлшерімен бағаланады, ал қолдағыбар қорларға қосымша,