Page 165 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
164
көмір-сутегі энергия қуаттары мен түсті металдарына қарай
жол ашқандығы еді.
Сондықтан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ
эконо­микамыздың, дәлірек айтқанда, мұнай-газ секторының
дамуына біздің ерекше назар аударуымыз соншама
таңданарлық жай емес еді. Өйткені біз үшін мұнай мен газ –
бұл тек отын-энергетикалық және стратегиялық ресурс қана
емес. Бұл – біз үшін транзиттік кезеңнің күрделілігін түзеуге
және Кеңес Одағындағыбірыңғай интеграциялық кеңістіктің
тарауынан болған шығындардың орнын толтыруға тезірек
көмектесетін алғашқы негіз.
Дегенмен тағы да атап көрсетейін: алғашқы мезгілде
ха­лықаралық еңбек бөлінісі үрдісіндегі біздің атқаратын
рөліміз ешқандай да үздіксіз болатын жазмыштық нәрсе
емес. Әңгіме аталмыш мезгілде біздің транзиттік экономика
әлемдік қауымдастыққа нақты не ұсына алатынында болып
отыр. Және де шаруашылық қатынастардың деңгейі әзірше
бізге әлемдік нарықта белгілі бір орынды иелене отырып,
өз мүмкіндіктеріміздің жаңа түрлерін іздеуге әзірше мұрсат
бермейтінін ұмытпауға тиіспіз.
Біздің мемлекетте іс жүзінде дамудың шексіз әлеуеттері
бар деп айтудан мен қорықпаймын. Бұл әлеуетті пайдаланып,
әлемдік аренада лайықты орын алу үшін, тек саяси реформа-
лардыжүргізумен қоса, тұтастай бірқатар шаралардыжүзеге
асыру қажет.
Экономиканың алғашқы қалыптасу кезеңінде біз энер-
гия қуаттары мен металдарды сыртқа шығару әлеуетін
пайдаландық. Ал дамудың келесі кезеңінде ресурстық-
экспорттық әлеуетке арқа сүйей отырып, принципті түрде
басқаға негізделген бар экономиканы: жоғары технология
мен инновацияны, шикізатты өңдеу мен кәдеге жаратудың
дамыған индустриясын құруға ұмтылатын боламыз.
Ал әзірше біз тек экономикамызды дамытудың алғашқы
кезеңініңшептерінен өтіпжатырмыз – бұл кезеңде біз әлемдік