к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
163
қуаттарына деген сұраныстың шарықтап өсуін тудыратын
факторларға: мәселен, қазіргі игеріліп жатқан шикізат
көздерінің болашақта таусылып бітуіне, әлемнің мұнайлы
аудандарындағы саяси жағдайдың қиындауына, өркендеп
дамыған экономиканың өрістей дамыған сұранысы мен
ғаламшар тұрғындары санының өсуіне қарағанда, бұл
елдердің әлемдік қауымдастыққа кіруіне ештеңе кедергі
келтірмейтін секілді. Оның үстіне, олар тіпті бұдан тыс қалғысы
келсе де, тіпті сырт қала алмайды. «Қара алтынның» бағасы
– тура және жанама мағынасында айтқанда өте биік.
Бұның бәрі интеграцияның болмай қалмайтынын көр-
сетеді; алайда мұның өзі әрбір ел үшін оның халықаралық
еңбек бөлінісінде қандай рөл атқаратыны әлдеқашан алдын
ала айқындалып қойған деген сөз емес.
Әрбір ел интеграциялық үрдіске өзінің жинақтаған
мүкамалымен кіреді. Ондай мүкамал әртүрлі: ой еңбегі,
индустриялық-технологиялық, мәдени және ресурстық
әлеуеттер немесе олардың қосындысы. Осы елдердің
мүмкіндіктерін ескере отырып, әлемдік нарық белгілі бір
мемлекетті қабылдау шартын алға тартады. Әрбір ел өзінше
«мүшелік жарна» төлейді, – яғни аталмыш кезеңде экономи-
каны интеграциялауға қандай үлес қоса алады, соны қосуы
керек. Алайда, «мүшелік жарна» төленіп, әлемдік нарықтық
қауымдастыққа кіргеннен кейін, ондай ел «мүшелікжарнаның
мөлшеріне» қарай әлемдік экономикада өзіне берілген орын-
мен шектелуі немесе өз диспозициясын түбегейлі өзгертіп,
ұлттық шаруашылықтардың мәртебелік жүйесінде бір саты
жоғары жылжуға тырысуы мүмкін.
Қазіргі қалыптасқан жағдайда ғаламдық экономика,
айталық, Қазақстан үшін интеграцияланған экономикаға
қатысуға қажетті «мүшелік жарна» қандай болуы керектігін
айқындап қойған. Бұл халықаралық ірі компаниялардың
алдынан біздің еліміздің табиғи ресурстарына, негізінен,