ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
162
АҚШқазіргі кезде әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушы ретінде өзі
пайдаланатынжеті мұнайбаррелінің алтауын сырттан әкелетін
болса, онда 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш сегіз бен он
баррель арасында өседі екен. Әлемде сырттан әкелінетін
мұнай көлемі жағынан екінші орындағы Қытайдың жоғарғы
қарқынмен дамып отырған экономикасы 2030 жылға қарай
өз сұранысының 80%-ға дейінгісін шеттен әкелінетін мұнай
есебінен жабуға мәжбүр болады.
Қазір экономикалықдамудыңжаңаорталықтары, энергия
қуаттарына сұранысы арта түскен жаңа аймақтар пайда бо-
луда. Сарапшылардың пікірі бойынша, энергияны тұтынудың
ең серпінді көрсеткіші Қытайда, Оңтүстік және Шығыс Азия-
да, Африка мен Латын Америкасында өсе түсуі керек. Бұл
елдердегі мұнай тұтынудың өсуі өзшикізат көздерінің есебінен
емес, әлемнің басқадай ресурсты аймақтарынан әкелінетін
мұнай шикізатының өсуіне байланысты болмақ. Ал мұның
өзі энергия қуаттарына жалпы әлемдік деңгейде сұраныстың
арта түсетінін көрсетеді.
Дәл осы жағдайдың, тіпті азырақ дәрежеде десек те,
Еуропаға да қатысы бар. Олай дейтініміз, Солтүстік теңіздегі
көмір-сутегінің қорлары таусылып келеді, ал саябыр
экономикалық өсу жылына 2-3% болғанның өзінде, тіпті
табиғи газға көшкен жағдайда да мұнайға сұраныс аз да бол-
са арта түседі. Сонымен бірге 2010 жылдан кейін Еуропада,
Солтүстік теңіз бассейнінде көмір-сутегін өндірумен айналы-
сатын өнеркәсіп орындарыныңқұлдырауыайтарлықтайбелең
алады деп күтілуде.
Сайып келгенде, әлі де кемінде отыз жыл бойына мұнай
негізінен әлемдік энергия көзі болып қала береді. Ғаламдық
тұрақтылықты сақтау, индустрияландыруды одан әрі жүргізу
және техникалық прогресті экономикалық жағынан ынта-
ландыру қажеттілігі тиісті табиғи әлеуеті бар елдер түріндегі
жаңа энергия көздерін табандылықпен талап етуде. Энергия