Page 162 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
161
Каспийдің мәртебесі секілді мәселені шешу кезінде
асығыстық деген болмауы керек. Мен келіссөздер үрдісінде
аймақтың барлық бес елінің мүддесі барынша мол
ескерілетініне сенімдімін. Өйткені қазір дүние жүзінде
интеграциялық қатынастар деңгейінің маңызы артқаны
соншалық, экономикалық жаһандану процесі әлемдік
нарықта емін-еркін өз үстемдігін жүргізіп, белгілі бір елдер-
дің халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлін іс жүзінде би-
леп-төстеудің тетігіне айналды.
Каспийдің қазақстандық шельфінде мұнайдың адам
сенбес мол қоры бар екендігі туралы алғашқы хабардан кейін
сарапшылар мен талдаушылардың көпшілігі түсінік беру-
ден іркіліп, негізінен күдікті болжамдар жасады. Бүгінгі күні
олардың күмәнді болжамдары ақталғанжоқ. Каспий теңізінің
солтүстік бөлігінде орналасқан ірі Қашаған кенішінің ашылуы
Каспийдің қазақстандық секторын игерудің бастамасыболды
және әлемдегі ірі экспортшылар қатарындағы Қазақстанның
әлеуеттік орнын түпкілікті белгілеп берді.
Ә
лемдік мұнай
картасындағы
Қ
азақстанның
орны
Саясат экономикадан кейін бе, жоқ, әлде, керісінше ме
деп ұзақ пікір таластыруға болады. Алайда бүгінгі күні мұнай
саясаттың сөзсіз экономикалық қажеттіліктен барып туындай-
тынын айқындайтын мәселе екеніне жұрттың бәрі де келіседі
ғой деп ойлаймын. Ол жай ғана қажеттілік емес, энергиямен
қамтамасыз ету мәселелерінің өткір қойылуынан туындайтын
қажеттілік.
Барлық болжамдар мен есептеулер бойынша, мұнайға
және басқа да энергиялық ресурс түрлеріне деген әлемдік
сұраныс тек арта түсетін болады. Мысалы, американ үкіметінің
тапсырысыбойыншажүргізілген зерттеулерге қарағанда, егер