ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
160
Президенттерінің Кеңесін құру туралы бастамасы себеп бол-
ды. Бұл идея ирандықтар жағынан туындады-ау деп ойлай-
мын. Ондағыжоба бойынша, Кеңес каспийлік аймақтың түрлі
елдерінің ағымдағы мәселелерін шешу мақсатында жылына
бір рет мәжіліс өткізуі тиіс еді.
Бұл ұсынысты Әзірбайжан Президенті Гейдар Әлиев
үзілді-кесілді қолдамады. Мәжілістер арасындағы үзілістер
кезінде ол маған: мұнымен олар мәселені шешпейді, «сөз-
бұйдаға» айналдырады, деді. Сонан кейін ол сөз арасында:
«сіз бен біз әлемдік қауымдастық эмбарго қолданып отыр-
ған Иранмен бір кеңесте болсақ, бұл қалай қабылданар
екен?» дегенді де аңғартып өтті. Г. Әлиев ақылды, парасат-
ты, қашанда сабырлы адам еді. Менің жадымда ол туралы
әрдайым жылы сезімдер сақталған.
Ұсынысты Қазақстан да қолдамады, өйткені бұл секілді
институттарды құру мәселені толық мәнінде шешпейді, тек
іс жүзіндегі жан-жақты пікір алмасу тәжірибесін бос сөзбен
алмастырады. Каспийлік мемлекеттер басшыларының кезекті
бас қосуын, алайда, біз Тегеранда өткізуді жоспарладық.
Каспийлік мемлекеттер басшылары кездесуінің
қорытынды құжатына (Декларация) иран-әзірбайжан
пікір қайшылығы басты себеп болуына байланысты қол
қойылмады. Ираннан басқа каспийлік мемлекеттер бас-
шылары жекелеген келісімдер негізінде өзгертілген аралық
сызықтар бойынша ұлттық секторларда Каспий теңізін
межелеудің қажеттігін мойындады.
Қалай болғанда да, үрдістің табысты аяқталуы үшін енді
негіз қаланды. Ірі геосаяси қақтығыстардың дәуіріне айналған
XX ғасырдың басында-ақ пайда болған: «Соғыстан әрдайым
мұнайдың иісі сезіледі» деген нақылды еске ала отырып, біз
барлық каспийлік елдердің күш біріктіруіне одан әрі қарай
ұмтылатын боламыз. Бұл күш біріктіру Каспий теңізін достық
пен ынтымақтастық теңізі жасауға бағытталатын болады.